ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

11:47, 23 шілде 2021

Жезқазған, Теміртау және Қарағанды қалаларының 3 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынды бірінші болып тұтына алады. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дәрбаев өңірге жұмыс сапары барысында газдандыру жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Қазақстанда Елорданы ғана емес, еліміздің орталық және солтүстік облыстарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-сұлтан" бағыты бойынша "Сарыарқа" магистральдық құбырының бірінші кезеңдік құрылысы аяқталды. Ал, Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда газ тарату желілерінің жұмысы жалғасуда.

Асан ДӘРБАЕВ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:

-Жұмыстар аяқталуға жақын. Аздаған бөлігі қалды. Қарағанды қаласы өте үлкен қала. Тиісінше, ол бірнеше кезеңге бөлінеді. Қала әкімдігінде атап өткендей, тарату желілері бойынша бірінші кезең аяқталуға жақын қалды.

Қазіргі уақытта іске қосу үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы техникалық шарттарды беруге және үйлерді қосуға қауырт жұмыстар атқаруда.

Ұлантай ҮСЕНОВ, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Қазір "ҚазТрансГаз Аймақпен" арадағы келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Оны жақын арада аяқтаймыз. Содан кейін тарифты алуға өтінім береміз. Тарифты тамыз айының басында аламыз деп күтіп отырмыз.

Асан Дәрбаевтың айтуынша, Михайлов ықшам ауданындағы жеке сектор үйлеріне бағытталған  газ құбырлары дайын. Тек тариф төлемдері анықталғаннан кейін берілетін болады.

Зейнеткер Аман Әбжанов Западная көшесінде 20 жылдан аса уақыт тұрып келеді. Олар көгілдір отынға қосылатын күнді асыға күтуде.

Аман ӘБЖАНОВ, зейнеткер:

-Әрине, газ жақсы. 20 жыл бойы біз көмірмен жылытамыз. Қыста 5-6 тонна сатып аламыз. Газ тиімдірек болады. Бірақ, қазандықты қою үшін үйдің ішіне құбырлар салу - бұл айтарлықтай шығын екен. Біз бөліп-бөліп береміз деп үміттенеміз.

Қарағанды облысын газдандыру жобасы 2035 жылға дейін жалғасады деп жоспарланған. Қарағанды бойынша 30 мыңға жуық үйді қамтитын 16 газ тарату кешенін іске қосу жоспарланған. Ал, Теміртауда сегіз, Жезқазғанда алты.  Шахтинск, Жаңаарқа және Осакаров аудандарын газдандыру бойынша жобалар әзірленіп жатыр. Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Бұқар жырау және Шет аудандары үшін жобалық сметалық құжат дайындалуда. Сондай-ақ, биыл Саран қаласында газ құбырының құрылысы басталады.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...