ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӨГІЛДІР ОТЫН КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙДІ

20:45, 30 қараша 2021

Қарағанды облысының тұрғындары Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан көптен күткен көгілдір отын алды. Алғашқы тұтынушылар Қарағанды мен Теміртауда қосылды

Көптен күткен көпшілік күткен көгілдір отын Қарағанды мен Темртау қалаларына жеткізілді. Теміртауда алғашқы 500 үй қосылуға дайын. 2025 жылға дейін газға 5 мыңнан астам тұтынушыны қосу жоспарлануда. Ресми салтанатында облыс әкімі сөз алып тұрғындарды құттықтады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Үш жыл бұрын «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасы басталды. Магистральдық желілер өткен жылы аяқталды, биыл тарату желілері тартылды. Жұмыстар сәтті аяқталды, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. – Жерлестеріміздің өмір сапасы жақсарады. Еліміздің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында бүгінгі шараны үлкен жетістік деп санаймын.

Қарағандыда екі іске қосу кешені қолданысқа берілді. Бұл бірінші кезеңде 3 мыңға жуық үйді газдандыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта тағы 13 мыңға жуық тұтынушы көгілдір отынға ауыса алады. Облыс орталығында қазіргі уақытта 64 шақырымнан астам газ құбыры салынды.

Бейбіт Елубайұлы қала тұрғыны. Ол үшінде бүгін мерейлі күн. Көгілдір отын қосқызып мөз мейрам. Жылына 10 тоннаға дейін көмір түсіріп пеш жағудың азабынан арылдық дейді.

Бейбіт ЕЛУБАЙҰЛЫ, қала тұрғыны:

-Тамаша болды газ  қосылып. Жылына қаншама тонна көмір тасмалдап ілек болушы едік. Бұл бір жағынан экологиямызға жақсы деп білеміз. Бірте бірте барлығы газға кқшсе тіпті жақсы болады.

Вячеслав БРАЖНИКОВ, Теміртау тұрғыны:

-Көптен күнкен қуанышты жағдай. Көмір тасып өмір бойы пеш жағып келдік енді ол қиындықтар артта қалғанына ризамын. Ауқымды жобаға атсалысып жатқан барша азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Бұл күндері ірі үш қалада газ құбырының бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. Нысан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сенімгерлік басқаруына берілді. Оның міндеттеріне газды тарату жүйелері арқылы тасымалдау және облыстың соңғы тұтынушыларын газбен жабдықтау кіреді.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар