ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ЖАНУАРЛАР МӘСЕЛЕСІ

17:13, 7 сәуір 2021

Өңірде қаңғыбас иттер мен мысықтың адамды қапқан 420 дерегі тіркелген. Қарағанды облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаңғыбас жануарларды аулау, оларды жою қағидалары, оларды үйде ын ұстау және серуендету мәселелері көтерілді

Қарағанды облысының аумағында ит пен мысықты асырау және серуендету қағидалары бір жыл бұрын қабылданған болатын.  Бүгінгі күні Абай, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск,  Саран қалаларында, облыс орталығында арнайы жануарларды серуендетуге арналған орындар қарастырылған.  Ал Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалалары мен  Қазыбек би ауданында жоқ. Мамандардың айтуынша, жоғарыда айтылған қағидалар әлеуметтік желі,  БАҚ  арқылы халыққа түсіндірілуде.

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ,  ветеринария басқармасының жетекшісі:

-Бүгінгі күні осы ережелерді нақты іске асыруға қатысты мәселелер негізінен бүгінгі күні іске асырылмайтын нормалардан туындайды. Яғни, бұл заңсыз серуендейтін иттердің иелеріне әкімшілік арқылы әсер етеді.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

-Қазір біз жыл өтті деп естиміз, бірқатар өңірлер осы уақытқа дейін арнайы орындарды дайындамаған, оларға қандай жауапкершілік қарастырылған? Бұл сұрақты кім соңына дейін жеткізуі керек? Мәселе ұзаққа созылғанын көріп отырмыз, орындауды кім бақылауы керек?

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ,  ветеринария басқармасының жетекшісі:

-Қазбек би ауданы бойынша сұрақтар болды. Жұмыс белсенді жүргізілді. Бірақ кейін  жер актілерін рәсімдеу, оны  енгізуге қатысты сұрақтар туындаған. Бұл  мәселе шешіледі деп ойлаймыз. Мониторинг жұмыстарына келсек, , жұмыс тоқтаусыз жүргізілуде. Басқа өңірлер мәселені  тез арада шешсе деген тілегіміз бар.

Жануарларға чип салу мәселесі де  талқыланды.

Бейбіт ДОСЖАНОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты:

-Чиптеу бізге не береді, осыны түснгім келеді.  Мысалы, менің 2 итім бар. қандай пайда әкеледі?

Инна РАДЧЕНКО,  «Дари добро» ҚБ жетекшісі:

-Әрбір үй жануары  біріңғай тіркеуге алынбайынша біз жыл сайын оларды құрықатудың өзіне миллиондаған қаржы жұмсаймыз. Яғни, чип салып тіркеуге алынса жануар туралы мәліметке қанық боламыз.

 Жиында үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін бұзғандарға  қандай шаралар қабылданатыны туралы да  айтылды. Биыл   2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 39-на жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Қалғандарына ескерту жасалған.

Арман ОРАЗБАЕВ,  ЖПҚ полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы:

- Саяжай алқаптарын, құрылыс нысандарын күзететін иттер, көшеде қаңғып жүрген проблемаға назар аударғым келеді. Бұл иттердің иелерін анықтауда проблема туындайды. Әрине, кінәлі тұлғалар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірақ көбінесе мұндай жануарлардың иелері туралы ақпарат болмайды

Сондай-ақ, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелері қаралды. Бұл үшін біздің өңірде 2021 жылы шамамен 70 миллион теңге бөлініпті. Үш ай ішінде 7 мыңнан астам қараусыз қалған жануарлар ауланып, жойылған.  Мамандар осыдан соң қабу жағдайларының азайғандығын алға тартады. Барлық баяндамалар мен қоғамдық ұсыныстар назарға алынады. Солардың негізінде тиісті қаулылардың жобалары пысықталады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...