ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ҚОҒАМ БІЛІКТІ МАМАНҒА ЗӘРУ»

12:09, 8 қыркүйек 2021

Өмірде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деп жатамыз. 11-ші сыныптан соң болашақ кәсібін таңдау – жасөспірім үшін маңызды сұрақтың бірі. Қарағанды қаласындағы «Қазақ білім орталығы» мектеп оқушылары үшін арнайы тренинг ұйымдастырды

«Қазақ білім орталығы» 2006 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылыпты. Содан кейін республикамыздың түкпір-түкпірінде құрылған. Ал Қарағандыда биыл ғана жұмысын бастапты. Аятжан Ахметжанұлы – белгілі орталықтың негізін қалаушы. Ол мамандық таңдау тақырыбы бойынша 10 жылдан астам уақыт кеңес беріп келеді екен. Кеншілер шаһарының оқушыларына тренинг өткізу үшін елордадан арнайы келіпті.

Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ, «Қазбілім орталығының» негізін қалаушы:

-Қазір жақсы маман сұранысқа ие. Оқушы трендтегі мамандықты оқуы мүмкін. Бірақ ол қатардағы бір маман болса сұраныс жоқ.  Қазір үздік болмасаң қандай мамандық оқығаның маңызды емес. Мұғалім, IT саласының маманы болсаң да жұмысыңа берілуің керек. Жұрт заңгер көп, оған сұраныс жоқ дейді. Олай емес, мықты заңгер болсаң саған бәрі таласады. Қоғам білікті мамандарға зәру. Сондықтан түлектер трендті емес, өзінің мүмкіндігін ойлау керек.

Аятжан Ахметжанұлы о баста оқушыларды үйлеріне барып оқытып жүріпті. Уақыт өте келе сұраныс артып, ата-аналар арнайы орталық ашу туралы идея тастаған екен. Сол идеяның нәтижесі – осы.

Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ, «Қазбілім орталығының» негізін қалаушы:

-Қазір республикалық «Қазбілім орталығы» Қазақстанның 10 облысында 15 бөлімшесін ашты. 70-тен астам оқу-әдістемелік құралын шығарған. 260-270-тен астам қызметкері бар үлкен мекеме.

Тренингке қатысуға ынта білдіргендердің саны көп болыпты. Дегенмен карантинге байланысты көбінің өтінішін қабылдамаған екен.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...