ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КЕЗЕКТІ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

11:23, 6 қыркүйек 2021

Теміртаудағы мобильді топ өкілдері кезекті рейдке шықты. Олар сауда орындарындағы санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалауда

Бұл Теміртаудағы танымал сауда орталықтарының бірі. Бүгін мұнда мобильді топтың мүшелері арнайы тексеріспен келді. Бұл әкімдік пен құқық қорғау органдарының өкілдерінен құралған топ мүшелері. Олар санитарлық талаптардың қалай орындалатынын мұқият тексеруге келген.

Сергей АНИСИМОВ, "Корзина" СО басқарушысы:

-Қазіргі уақытта бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес біз "Ashyq" өткізу жүйесін жүргіздік, ол сәтті жұмыс істеп тұр. Туындаған мәселелерді біз сол жерде шешеміз. Жүйе өте жақсы жұмыс істейді. Алғашқы күндері сынақтан өтіп, қолдануға жарамды екені дәлелденді. 

Азық-түлік дүкеніне кірген кезде дене қызуы өлшенеді. Бетперденің болуы да қадағаланады. Сондай-ақ, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы да бақылауда. Бүгінде Теміртау қаласы бойынша карантин талаптарын бұзушылармен пәрменді күрес жүргізілуде. Бұл ретте арнайы құрылған 16 мобильді топ мүшелері күндіз-түні уақытпен санаспай жұмыс істеуде. 

Самат ЗИЯШЕВ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

-Тұрғындар арасында  карантин шараларының талаптарын елемейтін сәттер бар. Сондықтан біз белсенді түрде жұмыс істеуге мәжбүрміз. Соңғы айда үлкен санитарлық талаптардың сақталмайтыны анықталды. Бетперде киюге қатысты адамдар талаптарды бұзуды жалғастыруда. Біз құқық бұзушыларды жауапқа тартуды жалғастырудамыз.

Сарапшылар тығырықтан шығудың жалғыз жолы жаппай вакцинациядан өту дейді. Сондықтан денсаулыққа мұқият қарау қажеттігін еске салады, дәрігер-мамандар. Теміртаудың кез-келген вакцинация орталығында екпе алуға мүмкіндіктер қарастырылған.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...