ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

12:00, 23 қыркүйек 2021

Доскей ауылында өз ісіне қолдау тапқан жас кәсіпкер оқушыларға арналған «Даму» орталығын ашты. Бұқар жырау ауданы әкімінің арнайы грантына ие болған ауыл тұрғыны қайтарымсыз қаржыға қажетті жабдықтарын алып, 4 адамды жүмыспен қамтып отыр

Мерей Қайратова биылғы жылы аудан әкімінің грантына өтініш білдіріп жеңімпаз атанғандардың бірі. Оның жобасы бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. «Даму» орталығының негізгі мақсаты балалардың білімін жетілдіріп, ата-аналарға қолдау көрсету. Бір ескеретіні бұған дейін мұндай орталық ауылда болған емес.

Мерей ҚАЙРАТОВА, «Даму» орталығының директоры:

-Кейбір ата-аналар жұмыстан үлгермейді сабақ оқытуға, сондықтан бізге беріп жатыр балаларын. Бұл жерде ұстаздар үй тапсырмасын орындауды қадағалап, көмектеседі. Болашақта мектепке дейінгі балаларды оқытсақ дейміз. 4-5 жастағы балалардың моторикасын дамытып арнайы сабақтар өткізу жоспарымыз бар.

Орталықта 4 білікті педагог жұмыс істейді.  Олар ағылшын, қазақ тілі, логопед және дефектология бойынша балаларды даярлайды. Ауылды жерде осындай орталықтың ашылғанына бірінші кезекте ата-аналар дән риза. Бағасы да қолжетімді - бір балаға 15 мың теңгеден төлейді.

Әсел РАҚЫМЖАНОВА, ауыл тұрғыны:

-Осы уақытқа дейін балаларымызды Майқұдыққа таситынбыз. Қазір жақсы болды ауылда үйіміздің жанында қиналмаймыз. Балалар да күн ұзаққа жол жүріп шаршамайды. Сондай-ақ, ұстаздар да өте мықты мамандар.

Биылғы жылы Бұқар жырау ауданы әкімінің грантына 43 жас кәсіпкер өтініш білдіріп, оның 17-сі қолдау тапты. Бизнес жобаға қарай бөлінетін қаржылардың көлемі де әртүрлі. Гранттардың негізгі сомасы 500 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін.

Жансая, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының м.а:

-Көпшілікке таңсық әрі қызықты жобалар көп болды. Мәселен, автокинотеатр.  Қоқыс өңдеу  орталықтары т.б.

Аудан әкімінің грантына 29 жасқа дейінгі азаматтар ғана қатыса алады. Өтініш білдіргендердің барлығының жобаларын қарап, арнайы мамандар сараптап, үздіктерін әрі тиімді деген жобаларды іріктейді. Қуантарлығы жыл өткен сайын өз ісін бастаймын деген жастардың қатары артып келеді.

Әлбетте, қайтарымсыз қаржы болғанымен қойылатын талаптар да жоқ емес. Мәселен, грантқа ие болған кәсіпкерлер 6 ай ішінде бөлінген қаржыны игеріп,  қажетті жабдықтарын алулары тиіс. Бастапқы кезеңде бизнестің жүзеге асуына арнайы мамандар кеңес беріп, қолдау көрсетеді.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...