ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

17:09, 12 шілде 2021

Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлерді қолдауға құрылған арнайы орталық осы уақыт аралығында үш жарым мыңнан астам әртүрлі қызмет түрлерін көрсеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингінде айтылды

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары 2015 жылдан бастап аймақтың 18 қаласы мен аудан орталықтарында жұмыс істейді. Олар ақпараттық  кеңес берумен  ғана емес, сонымен қатар бизнес-жоспарларды құруды, бухгалтериялық есеп-қисап жасау мен оны жүргізуді үйретеді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларға қатысып, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың ережелерін үйретумен айналысады.

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі:

-Бұдан басқа, "Бизнес мектеп" сияқты құрал белсенді түрде іске асырылуда. Оның аясында 2020 жылы онлайн және офлайн форматта 846 адам оқытылды. Бұл 800 миллион теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша гранттар алған 10 тыңдаушы, жалпы сомасы 40 миллион теңгеге қол жеткізді. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында несиелер, екінші деңгейлі банктер және басқа да көздер арқылы берілді. Мысалы, облыс әкімінің гранттарына да осылайша қол жеткізілді.

Бизнес өкілдері үшін барлық сервистік қызмет тегін көрсетіледі. Оларды орталыққа офлайн немесе портал арқылы  services.atameken.kz. алуға болады. Қарағанды облысының кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының көмегімен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы 4,2 миллиард теңгеге 747 жоба қолдау тапқан. Нәтижесінде, 1 200 жұмыс орны ашылған.

Татьяна АБЛАЕВА, кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі: 

-Осы қолдаудың арқасында кәсіпкерлердің жоғары белсенділігі байқалады. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы тартылған  инвестиция сомасы 69 миллиард теңгеге жетті. Нәтижесінде, 1601 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша биыл 963 жоба мақұлданып, 58 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды. «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыруға осы жылға барлығы   7 миллиард теңге қарастырылған, бұл өткен жылдан 2 жарым есе көп деген сөз. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 32 миллиард теңгені құрайтын 487 жоба мақұлданды. Субсидиялау құралы бизнесті қолдауға бағытталған. Шағын орта бизнес үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 6% - ды ғана құрайды.

Айта кету керек, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өтініш білдірген және қолдау тапқан кәсіпкерлер саны бес еседен асқан. Тартылған  инвестиция көлемі 10 есе өсті.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...