ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

11:34, 7 желтоқсан 2021

Приозерск қаласында кәріз суын тазартатын станция жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл үшін облыс бюджетінен қосымша 135 миллион теңге қаржы бөлінді. Бірегей жоба болашақта жылыжай кешендерін тыңайтқышпен қаматасыз етеді

Қаладан шыққан қалдық су бүгінге дейін жақын маңдағы тоғанға төгіліп келді. Енді ол күн артта қалады. Жаңадан бой көтерген станция  тәулігіне 8600 текше метр кәріз суын тазарта алады. Мұндағы қондырғылардың барлығы еуропалық өнімдер, толық автоматтандырылған. Қазір 12 сорғы құрылғысы орнатылу үстінде.

Сергей КУРЕЦ, коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы:

-Кеңес кезінде бұл жерде станция құрылысы басталған еді. Бірақ 90 жылдардағы қиын-қыстау заманда құрылысы тоқтап қалып, талан-таражға түсті. Экологиялық тұрғыдан талай айыппұл салынды. Тіпті 114 млн айыппұл төлеген уақытымыз болған еді. Қазір жаңадан салынған станцияның арқасында бұл қиындықтар жойылады.

Елімізде теңдесі жоқ қанатқақты жобаның құрылысы 2014 жылы басталды.  Әуелде бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Стансаның тағы бір ерекше әлеуеті құрамындағы биогумусты сүзіп алып, тыңайтқыш жасайды екен. Сондықтан да келешекте нысанның маңынан жылыжай салу жоспарланып отыр.

Темірхан  АЙДАРХАНОВ, қалалық ТҮКШ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Жылыжай салынған күнде, қолдау тапса бұл жерден отдельно удобрение беріледі, техникалық су осы жерде болады және отопление, жылу осы жерде болады. Қаланы жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызатын болады. Енді өтірік-шынын білмеймін, до того ішуге дейінгі дәрежеде тазаланады дейді ғой.
Қазір нысанның аумағы аббаттандырылып жатыр. Станцияның жеке қазандығы бар. Жоба желтоқсан айының соңында іске қосылмақшы. Бұл бірегей бастаманың арқасында Приозерск қаласындағы 52 адам жұмыспен қаматамсыз етілетін болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...