ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КЕНТТІҢ КЕЛБЕТІ КӨРКЕЙДІ

10:43, 13 қазан 2021

«Ауыл - ел бесігі» жобасы Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кентінің өркениетін өрістетуге жол ашты. Мемлекет қолдауының арқасында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен. Осылайша кенттегі әлеуметтік маңызды нысанның сәулеті жаңаша қалыпта жаңғыртылды

Ақтоғай ауданының Шашубай кентіне соңғы жылдары өріс алды бастамалар өң берген. Бір ғана мысал, былтыр «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіліпті. Бұған облыстық қазынадан 109 миллион теңге қарастырылған. Бастысы жоспарлы жұмыс пен діттеген меже талап үдесіне сай орындалды, - деді Шашубай кентінің әкімі Данияр Серіков.

Данияр СЕРІКОВ, Шашубай кентінің әкімі:

-Тиісті мамандар тартып, жұмыстар сапалы жүргізілді.Қазіргі уақытта өздеріңіз көріп тұрғандай үлкен бір мәдениет ошағына айналдыБарлық материалдық жабдықтармен қамтылған.

Мәдениет үйінің шатыры да ауыстырылып, қасбеті қалыпқа келтірілді. Ғимараттың жылу батареялары мен желдеткіш жүйелері заман талабына сай жаңартылған. Сапасы жоғары есік пен терезелер түгелдей жаңадан салынды. Төбелері айрықша сәулетпен жасалып, сахнаның сәні жарасты.

Бибігүл  ЕРБИКЕЕВА, Шашубай кентіндегі мәдениет үйінің меңгерушісі:

-Сонымен қатар  мәдениет үйіне  линолеум  төселді.Су  мен электр жүйелері барлығы ауыстырылды.Қарамағымда 13 маман бар.Эстрада, домбыра, би мен  шахмат қолөнер үйірмелері бар.

Мұнда кенттегі өрендер мен жастардың шығармашылығын шыңдауына мүмкіндік мол.Руханияттың ордасына айналған мәдениет үйінде балғындарды өнерге баулу мақсатында 6 түрлі бағытта үйірмелер жұмыс істейді. Келешекте мамандар оның ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

Арай ЕСІМОВА, қобыз үйірмесінің жетекшісі:

-Қобыз үйірмесі шілде айында ашылды.Қобызға тартуға икемі келетін балаларды іріктеп алдым.Шәкірттерімнің ынтасы жаман емес.

Жалпы Шашубай кентіндегі әлеуметтік мәселелер  күн тәртібінен түспей, кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқанын айтады, билік өкілдері. Мәселен өткен жылы өлкедегі 4 көшенің жолына орташа жөндеу жүргізіліпті. Демек шырайы кірген кенттің келешегі кемел болары сөзсіз деп түйеді жауаптылар.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...