ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЖЕТСІЗ ЗАТТАРДАН БҰЙЫМ ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР

14:20, 20 қаңтар 2022

Біз бен сіздің керек қылмай қоқысқа тастайтын түрлі заттарды қарағандылық Анна Ретунская көз қызығатын бұйымға айналдырады. Тіпті қарапайым кішкентай ғана шәйдің қапшығын да іске жаратады. Ерекше хоббиі бар шебер жөнінде тілшіміз Ерік НАРЫН айтып берсін.

Ретунскилер отбасында пайдаланылғанның бәрі бірдей қоқыс емес. Анна Ретунскаяның қиялы ұшқыр. Шәйдің кішкентай ғана қапшығынан үйіңізге сән беретін бұйым жасайды.

«Не считала, сколько прямо конкретно, но немного. Они складываются уже использованные. Потом их поджигаю, они тушатся тут же сразу, потом клеятся на грунтованную бутылку и всё. Получается, как свиток состаренный. Чтобы её не красить, натуральное сырьё такое».

Мәселен қағаз сандықты жасауға 3 күн кетеді екен. Бұнда тіпті жұмыртқаның қабығы  пайдаланылады. Ескі белбеу де іске жарайды.

Анна РЕТУНСКАЯ, студент

Сандықтың өзі картоннан тұрады, яғни ол нөлден жиналды. Турникет бар, ол тоқылған және желімделген. Бұл қағаз, қарапайым дәретхана қағазы. Ол бар болғаны 20 теңге тұрады. Міне, мұндай былғары әсер береді.

Анна Ретунская агротехниалық колледжде аспаз-кондитер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бірақ жас шебер «болашағымды дизайнерлікпен ұштастырғым келеді» дейді. Сондай-ақ, декораторлықты да меңгергісі келеді екен. Кейіпкердің сөзінше бұл дарын оған атасынан дарыған. Атасы балташы, яғни ағаш шебері болған.

Ирина РЕТУНСКАЯ, Анна Ретунскаяның анасы

Қазіргі уақытта бізде ештеңе жоқ. Барлығы ескі заттар, моншақтар, тіпті макарон, бұршақ жүреді. Бұл мені қатты қуантады. Оның ауқымы жаһандық деп айтуға болады. Ол қазір жиһазға көшті.

Анна ескі жиһазды жаңартуға кірісіпті. Қоқыстан бұйым жасауды үйренгісі келетіндерге арнайы шеберлік сағатын өткізуді де жоспарлап отыр екен.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар