ҚАЗБЕК АШЛЯЕВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

15:57, 9 маусым 2021

Белгілі спортшы, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан боксының ардагері 76 жасқа қараған шағында Қазбек Ашляев өмірден озды

Спорт майталманы 12 жасынан бастап үлкен спортқа бет бұрған. Бокстағы әрбір жеңісі өміріндегі жарқын белестері ел жадында. Бүкіл спорттық мансабында 169 кездесу өткізіп, оның 160-да жеңіс тұғырынан көрінді.  Қазбек Сопыжанұлы  еліміздің мақтанышына айналған  спорт қайраткері. Талай шәкірт тәрбиелеген білікті жаттықтырушы.  Оның бастамасымен

Қарағанды боксшылары 1969 жылы еліміздің командалық біріншілігінде айтарлықтай жеңіске жетті.  Қазбек Ашляев спорт саласынан бөлек, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.  Бірнеше жыл "Отан" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар