ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ – ДОМБЫРА

12:08, 8 шілде 2021

Ұлы дала елінің асыл мұрасы - домбыра. Сәтбаев қаласында «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Ұлттық домбыра күніне негізделген рухани шарада жергілікті өнерпаздар мен фольклорлық ансамбльдер күмбірлетіп күй төгілтті

Ұлттық домбыра күні - ұлттың үні. Сәтбаев қаласында шымылдығын түрген «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты концерттік шараның негізгі мақсаты - домбыра үнін жастардың бойына сіңіріп, қазақ композиторларының күйлерін кеңінен дәріптеу. Ал, салтанатты сәтте сөз алған қала әкімі Асқар Ыдырысов атаулы күннің маңызы мен мәнін өрелі ойымен мейлінше жетелеп жеткізді.

Асқар ЫДЫРЫСОВ, Сәтбаев қаласының әкімі:

-Тағылымы терең, мазмұнды мереке ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтеретіні анық. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Домбыра ол қазақтың жаны, қазақтың өзі. Қазақтың төлқұжаты. Домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген.

Мерекенің көркін «Кеншілер сазы» ұлттық аспаптар фольклорлық ансамблі қыздыра түсті. Өз кезегінде кеншілер шаһарының басшысы талантты өнерпаздармен бірге «Көреғұл» күйін төгілтіп тартты.

Дәстүрлі әншілер де ұлттық аспаптың ұстынын дәріптеген шарада дарынымен дараланды. Дәрігүл Алдажанова «Сарыжайлау» атты әсем әнді әуелете шырқады. Арынды ақындардың мәнерлеп оқыған өрнекті өлеңдерін де асыл мұрамызды әсерлі әспеттей түсті. Керімсал концерт соңы өнерпаздардың рухты асқақтататын домбыра патиіне ұласты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар