ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ПАРЛАМЕНТТІК ФОРУМДА АЙТЫЛДЫ

14:35, 9 қыркүйек 2021

Халықаралық парламентшілер Венада бесінші дүниежүзілік парламенттік форумда әлемнің пандемиядан кейінгі даму мәселелерін талқылады

Жиынға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық депутаттар делегациясы қатысты. 90-нан аса елден келген спикерлер климаттың өзгеруімен күрес, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жалған ақапаратқа қарсы тұру, жастардың саясатқа қатысуы және гендерлік теңдік тұрғысында пікір алмасты. Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы ауқымды реформалар, оларды уақытылы заңнамалық қолдау –  еліміздің халықаралық ұстанымдарға сәйкес тұрақты дамуына мүмкіндік беретінін баса айтты.

Мартин ЧУНГОНГА, Парламентаралық Одақтың бас хатшысы:

-Біз Қазақстан Президенті Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын қолдаймыз. Бүгінде Президент әлемдік қоғамдастық бетпе-бет келіп отырған проблемаларды шешуге бағытталған жаһандық күш-жігердегі Қазақстанның көшбасшылық ұстанымын қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Біз келіспеушіліктер мен қақтығыстарды шешу құралы ретінде диалогты ілгерілету сияқты Парламентаралық Одақтың құндылықтарына сәйкес келетін Қазақстанның әрекетін құптаймыз.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

-Бүгін осы Венада өтіп жатқан маңызды жиында: бүкіл әлемге тараған пандемия жағдайы, халықаралық әріптестік, бейбітшілік және қауіпсіздік сияқты   басқа да   көптеген мәселелер талқыланды. Және осы форумға жиналған Парламент өкілдері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформаларына, саяси бастамаларына ерекше көңіл бөлді. Бұл, әрине, біздің қазақстандық даму жолымыз бүкіл әлем елдерінің назарында екенінің тағы бір нақты  көрсеткіші.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
12:17, 7 желтоқсан 2021
ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...