ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

14:37, 13 қаңтар 2022

Өткен жылдың қортыныдысы бойынша Теміртаудағы «Арселлор Митталл Теміртау» және «Қазақмыс» корпорациясындағы өнім өндіру көлемі едәуір артқан. Бұл облыс әкімдігінде жергілікті қазақстандық отандық тауар өнірушілерді қолдауға байланысты өткен онлайн мәжілісте белгілі болды.

Қарағанды облысындағы алпауыт компаиялардың жергілікті тауар өндірушілерімен өзара ынтымастығы  арта  түсті.  Әкімдіктегі  онлайн мәжілісте «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс» корпорациясымен бірлесе жұмыс істеген екі жыл аралығында қол жеткізген жетістіктер сараланды.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» сатып алуларындағы қазақстандық тауарды  қамту 72%-ды, «Қазақмыста» – 50%құраған .

Мұрат ҚЫДЫРҒАНБЕКОВ, индустриялық-иновациялық даму  басқармасының жетекшісі:

– Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау  үшін біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп меморандумға қол қойдық. Оған Қарағанды облысының 44 тауар өндірушісі енгізілді. Жергілікті өндірушілердің шикізаттық емес тауарлар көлемін арттыруына баса назар аударылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай сатып алу көлемі 34,2 млрд теңгені құрады – бұл 2,9 млрд теңгеге артық немесе 2020 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға өсті деген сөз. «Қазақмыс» бойынша бұл сома 64,7% өсіммен 17, 3 млрд теңгені құрады. Жергілікті тауарлардың үлесі екі акционерлік қоғамда да өсімді байқатқан..Бұл ретте, «Майкер» «Каз карбон», «Интелпром»,»Казцентрэлекторпровод» кәсіпорындарындарының қосқан үлесі қомақты.

Компаниялар ендә 2022 жылға арналған сатып алу жоспарларын ұсынады. Олар 1 ақпанға дейін «Қазақстандық қамту»атты жобаны  интернет-порталында орналастырылады.Кәсіпорын  өкілдері ірі өніріс орындарымен өздері тікелей байланысқа шығып, келісім-шарттар жасауға мүмкіндіктері бар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

– Біз оң қарқынды көріп отырмыз, қазақстандық және жергілікті тауарды қамтудың өсуі жүріп жатыр. Компаниялар ашық бола бастады. Бұл ретте біз қарағандылық кәсіпорындардың өнімдері сұранысқа ие болуына мүдделіміз. Біз жергілікті отандық тауарларды сатып алуды талап етеміз. Осындай форматта кездесуді жалғастырып, пісіп-жетілген мәселелерді бірге шешетін боламыз.Бұл ретте «Қазақмыс» корпорациясы көптеген жұмыстар атқарды.3-4 аптадан кейін «Арселор Митталл» компаниясы мен де осындай .форматтағы кездесуді өткіземіз.

Аймақтың тауар өндірушілерін қолдау және ірі кәсіпорындардың отандық тауарларын сатып алу үнемі бақылауда боламақ 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
19:13, 17 мамыр 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
19:08, 17 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар