ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ПРОКУРАТУРАСЫНА - 30 ЖЫЛ

12:06, 7 желтоқсан 2021

Биыл Қазақстан прокуратурасына - 30 жыл. Осыған орай, мерекелік датаны Қарағанды облыстық прокуратура қызметкерлері салтанатты түрде атап өтті. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен құқық қорғау орган жұмысының қорытындысы шығарылды. Ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды

Биыл прокуратура күні ведомство қызметкерлері үшін ерекше маңызды. Кәсіби мерекесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. 1991 жылдың 6 желтоқсанында "Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру туралы" қаулы қабылданды. Салтанатты кездесуде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек үздік қызметкерлері мен құзырлы органның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерді де марпаттады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Прокуратура қызметкерлері Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосты. Азаматтардың және мемлекеттің заңды құқықтарын, мүдделерін қорғаудың тиімділігі артты.

Қарағанды облысы прокуратурасының негізі осыдан 85 жыл бұрын құрылған. Ал ел Тәуелсіздігін алғаннан кейін ҚР прокуратурасы жүйесі қалыптасады. Сол кездегі халық тергеушілері қатарында даңқты ұшқыш, кеншілер  астанасының мақтанышы Нүркен Әбдіров те қызмет атқарған.

Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ, Қарағанды облысы Прокуратурасы басқармасының прокуроры:

-Тәуелсіздік жылдары прокуратура органдары қалыптасу мен дамудың барлық деңгейлерінен өтті. Бүгінгі таңда прокуратура органдары-функциялары Қазақстан Республикасының Конституциясымен айқындалған құқық қорғау органдарының өзегі. Бүгінгі күні Заң қорғауында тұр.

Сала ардагерлеріне және көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық алғыс хаттар сондай-ақ облыс әкімінің, облыстық соттың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрмет грамоталары табысталды.

 Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...