ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ-ҚОС БӘЙТЕРЕГІ

16:25, 22 сәуір 2021

Биыл музыканың қос тарланы Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туғанына 115 жыл. Осыған орай, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде лекция-концерт ұйымдастырылды. Онда қос жұлдыздың шығармалары орындалды

«Қазақ өнерінің қос жұлдызы» атты кешке колледж оқытушылары мен студенттері атсалысты. Сондай-ақ, карантин талаптары ескеріліп, шақырылған қонақтар zоом арқылы байланысқа шықты. Өнер майданында өшпес із қалдырған қос бәйтеректің шығармаларын жас өнерпаздар орындады. Олар қазақ вальсі, би, күй, «Қарлығаш» сынды туындыларын мәніне келтіріп, жеткізе білді. Композиторлардың өмірі мен музыкаға, оның ішінде опера мен классикалық әндеріне ерекше тоқталып, слайдтар көрсетті.

Мәриям ЕРКЕҰЛАН, студент:

- Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың әндері өміршең болғандықтан, бүгін біздерге жетіп отыр.Мен бүгін «қазақ вальсін орындаймын»

Айта кету керек, классикалық музыканың қос королінің 115 жылдығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди шығармаларындағы үндестік «Абай», «Жамбыл» операларынан бастау алған. Олар қазақтың халықтық музыкасын жинаушы этнограф ретінде ел жадында мәңгілікке қалды.

Мәрзия ТОҚСАНОВА, музыка пәнінің мұғалімі:

- Қазақ өнерінің жұлдыздары Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың 115 жылдығы. Жас өнерпаздар үшін берері мол. Олар кешегі қайталанбас ән өнерінде өзіндік үн, дауыс қалдырды. Бір ғасырда бір-ақ рет туатын тарландар. Енді осыны артынан еріп келе жатқан талантты жастарымызға насихаттап, жеткізу біздің парызымыз.

Колледж ұстаздары мұндай рухани мұраға бай қайталанбас тұлғалардың өнегелі өмірі – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен мақтаныш екенін айтты.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар