ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

22:00, 12 қаңтар 2022

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты аймақтағы түзеу мекемелері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Күрделі кезеңде мәдени шараларды ұйымдастыруға қаңтар айының он тоғызына дейін тыйым салынды

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жұмыс режимі күрт күшейтілді. Әзірге сотталушылардың туған туыстарымен телефонмен тілдесіп, бейнебайланысқа шығуына шектеу қойылды. Оларға тиесілі кездесулер де кейінге шегерілді. Дегенмен жазасын өтеушілер сол күндері кәдесіне жарататын болады

Бекболат ШАКИРОВ, ​Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  департаменті бастығының міндетін атқарушы:

-Мекемелерде ұсталып отырған азаматтардың қауіпсіздігін ету және төтенше жағдайға жолу бермеу мақсатында Қылымстық атқару жүйесі кодексінің  105-113  баптарында көзделген  сотталғандардың тергеумен қамалған  азаматтардың құқықтарын іске асыруына уақытша шектеу шаралары қабылданды.Осы аталған  жағдайларға қатысты  барлық тұлғалардың  тыныштық сақтауды және барлық шектеу шаралары аяқталғанша түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Басты кезекте жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды, - дейді Бекболат Шакиров. Сондықтан Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы  қаңқу сөзге сенбей, ресми ақпаратқа сүйену керектігін ескертеді.  

Бекболат ШАКИРОВ, ​Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  департаменті бастығының міндетін атқарушы:

-Сонымен бірге жалған ақпараттар таратпауды және ресми түсініктемлерге назар аударуды ескертеміз.Осы себебі бойынша ҚР ҚК 274  бабы бойынша  жауабы қарастырылған.

Күрделі кезеңде мәдени шараларды ұйымдастыруға қаңтар айының он тоғызына дейін тыйым салынды. Өңірімізде 10 түзеу мекемесі бар. Онда 4000-ға жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр. Ал пробация қызметінің  667 адамы тіркеуде тұр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...