ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

16:27, 24 қараша 2021

"Абай" шахтасында орын алған қайғылы оқиғадан кейін өнеркәсіп қауіпсіздік мсәелелері күшейтіліп, еңбеккерлерге біршама талаптар қойылды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде келісім комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы айтып берді

Комиссия қайғылы оқиға болғаннан бастап,10 күн бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оған кәсіподақтар, әр шахтаның белсенділері, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Мәселені аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек жіті бақылауға алды. Кеншілер жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, 12 түрлі талап қойды.

Жеңіс  ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Бұл қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, авариялардың себептерін жою. Техниканың жай-күйі, қауіпсіздік техникасының ережелері дұрыс болуы тиіс. Көмір департаменті бөлімшелерінің нормативтік санын және штат кестесін бекіту керек. Яғни, кадр тапшылығы мәселесі болды ғой. Көмір департаменті қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері мен жалақыларын арттыру сынды проблемаларды қарадық.

Облыс басшысы барлық жағдайлар бойынша шешім шығарылғандығын жеткізді.Яғни, Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты жұмыс тобы құрылды. Сарапшылар 1996 жылдан бері болған барлық жазатайым оқиғаларды тергеумен айналысады. Заңнамаға өзгерістерді үш мәселе, оның ішінде зейнеткерлік жасты төмендету талап етіледі. Осылайша Үкіметке хат жолданды.

Жеңіс  ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Енді таяудағы жарты жылда, кем дегенде 2 тоқсанда комиссия "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы, сондай-ақ жергілікті әкімшілік тарапынан уәде етілген және қабылданған міндеттемелердің іске асырылуын тексереді. Сонымен қатар, Келісім комиссиясының кездесулері барысында кеншілер тұрғын үй және басқа да бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты проблемаларды айтты. Әкімдік "Отбасы банкпен" бірлесіп, 5 пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несиелеудің жаңа бағдарламасын ұсынды.

Облыс әкімі сондай-ақ Абай, Шахтинск және Саран қалаларын дамытудың жоспарлары туралы айтып берді. Онда тұрғын үй құрылысы, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасады.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...