Коронавирустық инфекция Шахан кентіндегі қарттар үйінде тіркелді
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда дәрігерлер жұқтырушылар тобын анқтап, ПТР-тест өткізді. Науқаспен байланыста болғандар да анықталды. Ауыр халде науқастар жоқ
Айгүл ШӘТЕКОВА, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
- Мекемеде дезинфекциялық өңдеу жүргізілді. Барлық науқастарға ем көрсетіледі.,
Сонымен қатар, өткен тәулікте Қарағанды облысында короновирустық инфекцияның 80 жағдайы расталды. Қазіргі кезде 58 адам коронавирус індетінен сауығып шықса, керісінше 80 адам осы дертке шалдыққан. Ведомствоаралық комиссияның берген нақты дерегіне сүйенсек ел бойынша осы уақыт аралығында COVID-19 індетінен 170 мыңға жуық адам жазылған. Оның 12 мың 705-і Қарағанды облысына тиесілі. Ал, 1-ші ақпаннан бастап аймақ бойынша 150 медициналық қызметкер осы іңдетке байланысты екпе алды. 3 күн ішінде Қарағанды қаласы бойынша 300 адамға екпе салынуы қажет болса, аймақта оның саны 1750-ге жетпек. Қазіргі уақытта Қарағанды облысына Ресей елінен 1750 дана «Спутник V» вакцинасы жеткізілген. Оның 300-і Қарағанды қаласына бөлінген. Ал, қалғаны Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларына жеткізілмек.
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар
Сейітқали ӘШІМ