ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС

15:13, 8 қыркүйек 2021

Қарағанды облысында құрылыс қарқын алуда. Тек соңғы 7 айдың ішінде ғана 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Осы күндері жылжымайтын мүлік нарығына деген сұраныс арта түскен

«Жылжымайтын мүлік витринасы» агенттігінің Қарағанды филиалы облыс орталығында небәрі 2 айдай ғана жұмыс істейді. Құрылыс компаниясы басшылығының айтуынша, осы қысқа мерзім ішінде тұрғындар тарапынан қолдау тауып, сұранысқа сай баспаналар сала бастаған. Өтініш білдіргендердің 60 пайызға жуығы жаңа бой көтерген зәулім үйлерден пәтер сатып алуға өз ниеттерін білдірген. 

Сұлтанғали НҰРТАЗА, «Жылжымайтын мүлік витринасы» агенттігінің Қарағанды филиалының жетекшісі: 

- Соңғы үш жылда бастапқы тұрғын үйге сұраныс та, ұсыныс та артты. Қазір бізде қайталама нарықта 60-тан астам нысан бар. Бірақ, сұраныс көрсеткендей, адамдар үйді жаңа ғимараттан сатып алғысы келеді. Қазіргі уақытта біздің компанияда қолданыстағы екі жаңа құрылыс бар, олар бізбен келісімшарт бойынша жұмыс істейді, бұл "Найзатас" және "Номад" тұрғын үй кешендері. Болашақта жаңа ғимараттар салу жоспарлануда. Бізге хабарласқан клиенттердің 60 пайызы жаңа үйлерден баспана алуға ниетті.

Кеншілер шаһарында «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында бюджет қаражаты есебінен несиелік және жалға берілетін тұрғын үйлер салынуда. Егер өткен жылы 11 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, биыл оның көлемі 47 мыңнан асып жығылған.

Нұрлан ӘБЖАНОВ,  Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі басшысы орынбасарының м. а: 

-Жеті айдың көрсеткіші  бойынша бізде 20 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бізде «Трилистниктегі» 7-ші үй, "Орталық Панель" 1-ші үйдің, 5 және  3-ші үйдің, 1-ші бөліктері. Аталған үйлер бойынша пайдалануға беру актысына қол қойылды. Қазір техникалық төлқұжаттар дайындалуда. Сондай-ақ, "Трилистниктегі» №8 тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда. Қараша айында төртінші үйін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Жалпы Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Жеті айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 14,4% - ға артты. Қазірдің өзінде 270 мың шаршы метрден астам зәулім үйлер бой көтерген. Мамандардың айтуынша, мұндай қарқынды жұмыс бұрын соңды болмаған. Бір айта кетерлігі, коммерциялық мақсаттағы тұрғын үй көлемі де арта түскен.

Абзал ЖАЙЛЫБАЕВ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі:

-Ең жоғары көрсеткіш өткен ғасырдың 1991-ші жылы болған. Ол кездері 516 мың шаршы метр тұрғын үй салынып пайдалануға берілген. Ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша 530 мың адам баспаналы болған. Осы 29 жыл ішінде тарихи белестерді бағындырдық. Биыл сондай-ақ, 662 мың шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр, яғни 2020-шы жылдың деңгейіне қарағанда 25 пайызға өсті деген сөз. 2020 жылдың қорытындысы бойынша коммерциялық тұрғын үйдегі өсім шамамен 44 пайызды құрайды. Биыл оның көлемі 50 пайызға дейін өседі.

Аймақ бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандардың да құрылысы жалғасуда. Биыл 3 денсаулық сақтау мекемесін салып, пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ, 7 спорт нысанының құрылысы аяқталмақ. Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 2 балабақша салынбақ.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...