ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА – 10 ЖЫЛ

16:35, 12 қазан 2021

Биыл киокушинкай-кан каратэ федерациясының құрылғанына 10 жыл. Осыған орай Қарағанды қаласында республикалық чемпонат өтті. Оған еліміз бойынша 500-ге жуық спортшы өрендер қатысты

Тарихы Жапония елінен бастау алатын каратэның киокушинкай кан стильіне қызығушылық танытып онымен айналысатындар қатары жыл санап артып келеді.  Мәселен, мерейтойлық жарыста еліміздің әр аймағынан келген 12 команда бақ сынады. Жас ерекшелігімен әр салмақ тұжырымы бойынша  үздіктер анықталды. Қатсыушыларға қолдау көрсетіп, республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев келді.

Омархан ӨКСІКБАЕВ, Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті:

-Бұл спорт түрі біздің елімізде енді дамып келеді. Киокушинкай-кан каратэ жастар мен жасөспірімдердің физикалық тұрғыдан дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Елімізде карантин болып, бір-екі жылдай республикалық чемпионат кейінге шегерілген болатын. Міне, қайта қолға алып жатырмыз. Бір айтарым, бұл спорт түрі олимпиада ойындарына енгізілмеген.

Республикалық чемпионат ерлер мен қыздар арасында өтті. Бірінші айналымнан-ақ қарсыласын тізе бүктірген нұрсұлтандық Назира Ахметованың жасы небары 16-да. Оның киокушинкай-кан каратэмен айналысқанына 6 жылдан асыпты. Жас спортшы Назира алдағы финалда жеңіске жетіп, туған жерімнің намысын қорғасам, - дейді.

Назира АХМЕТОВА, Нұр-сұлтан қаласы:

-Мен қазір қатты қуанып тұрмын. Бірінші рет 18 жастағылармен шықтым.

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік шыққанардан ұлттық құрама жасақталады және сол құрама желтоқсан айында Болгария елінде өтетін әлемдік жарыста ел намысын қорғайтын болады.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...