ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

15:47, 13 шілде 2021

Аймақтағы мобильді топтар санитарлық талаптардың орындалуы бойынша бақылау шараларын жалғастыруда. Шілде айының 1 мен 11 аралығында сала мамандары 8 500-ден астам нысанды тексеріпті. Соның нәтижесінде карантин ережесін бұзған 144 факті анықталған

Ал, 12 шілдеде мобильді топ қызметкерлері 759 нысанды тескерген. Санитарлық  бақылау аясында карантин талабын бұзған 10 дерек  анықталды. Соның 6 фактісі Теміртау қаласында орын алған. Мысалы "Эсмиралда" мен "Гранд Холл" мейрамханасында көпшіліктің  қатысуымен ойын-сауықтың өткені әшкереленді. Ал, «1000 ұсақ-түйек» дүңгіршегінің сатушысы бетперде тақпай, бейғамдыққа бой алдырған. Жалпы жыл басынан санитарлық сала мамандары 142 мың 470 нысанды қарап, қадағалаған. Рейдің арқасында  2687 бұзушылық мәлім болған. Мұндай тексерістер  әлі де жалғасады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...