ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

КАРАНТИН ШЕКТЕУЛЕРІ КҮШЕЙТІЛДІ

16:48, 13 шілде 2021

Қарағанды облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда коронавирустық індетке байланысты күресті күшейтуге қатысты жаңа шектеу шаралары жайлы баса айтылған

Қаулы 13-ші шілдеден бастап күшіне енді. Онда «Ashyq» жобасына қатысты қосымша қолға алынған шаралар мен бұлжытпай орындауды талап ететін шектеулер қамтылған. Барлық аквапарктер, театрлар мен кинотеатрлар концерт залдары мен филармонияларға және аттракциондарға баруға арнайы шектеулер енгізілгені турасында айтылған. Облыс қалалары мен аудандарында туристерді тасымалдаудың да белгілі бір ережелерін бұлжытпай орындау қажеттігі де назарға алынған.

Юрий ЗАЛЫГИН, Қарағанды облысының бас санитар дәрігері:

-Бұған дейінгі қабылданған шектеулерге қосымша талаптар енгізілді. Сенбі, жексенбі күндері сауна, спа орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес клубтар мен йога орталықтарына «Ashyq» қосымшасы арқылы кешкі сағат 20.00-ге дейін кіруге ғана рұқсат берілген. Карантин талаптары қатаң сақталған.

Сауда орталықтары және сауда үйлері мен нүктелеріне, көтерме-сауда бөлшектерін сататын дүкендерге аумағы 2000 шаршы метр болатын азық-түлік дүкендеріне, жабық базарларға да арнайы шектеулердің енгізілгені айтылған. Олардың жұмысына кешкі сағат 17.00-ге дейін ғана рұқсат етілген. Дәріханалар жұмысы қалыпты жағдайға көшкен. 

Юрий ЗАЛЫГИН, Қарағанды облысының бас санитар дәрігері:

- «Ashyq» қосымшасы бола тұра, сенбі, жексенбі және мереке күндері жоғарыда аталған нысандардың жұмысына арнайы шектеу енгізілді. Сондай-ақ, ұжымдық іс-шаралар өткізуге діни рәсімдерді орындап, құдайы беруге де арнайы шектеулер бар. Ашық аспан астында жұма намаз оқуға да тыйым салынған.

Қоғамдық тамақтандыру орындары мен кафе, ресторандар,  банкет өткізетін залдарға да «Ashyq», қосымшасы арқылы ғана кіруге рұқсат етілген. Олардың жұмыс уақыты да түнгі сағат 2-ден кешкі 22-00 ге дейін қысқартылған. Ашық аспан астындағы кафелер жұмысы 24.00-ге дейін ғана жалғаспақ. Конференциялар мен семинарлар отбасылық салтанатты шаралар мен форумдар, ашық аспан астында мәдени іс-шараларды өткізуге де тыйым салынған. Себебі, Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа енген. Ал, эпидемиологиялық ахуалға келсек, өткен тәулікте аймақ бойынша індетке шалдығудың 596 жаңа жағдайы тіркелген. Бір қуантарлығы 405 адам емге дауа тапқан. Юрий Залыгиннің айтуынша індеттің таралуын тоқтату үшін кем дегенде 60 пайызға жуық аймақ тұрғындары екпе алуы тиіс екен.   

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...