ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ҚАРАҚҰДЫҚ ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ» БЕЛГІСІ ҚОЙЫЛДЫ

11:30, 6 қыркүйек 2021

Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылына ел азаматтары «Қарақұдық құтты мекенім» белгісін қойды. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды

 «Қарақұдық құтты мекенім» белгісі ауылдың кіре берісіне қойылды. Игілігі мол іс-шараға ауылдың жастарынан бастап, үлкен ақсақалдарына дейін жиналды. Жас өнерпаздар қазақтың қара домбырасымен халық әндерінен шашу шашты. Мұндай бастамаға мұрындық болған ауыл азаматтары екен.

Айтбай ЖҰМАҒҰЛОВ,   облыстық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі:

- «Туған жерге туың тік» деп қазақ тегін айтпаған ғой. Егер ауылымызға ат басын бұрып, титтей де болса, пайдамыз тимесе, ел алдында жүргендігімізден не пайда? Азаматпыз деп кеудені керудің өзі бекершілік болады ғой. Бұл кішкентай ғана ауыл үшін жасалған дүние. Әлі алда «Рухани Жаңғырудың» аясында талай игілікті істер атқарамыз.

Бұқар жырау ауданының әкімі келіп, шарапты мол бастамаға қолдау білдіріп, ауыл халқына жылы лебізін білдірді.

Сержан АЙМАҚОВ,  Бұқар жырау ауданының әкімі:

-Құрметті Қарақұдық ауылының тұрғындары! Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Қарақұдық ауылы ауданымыздың бір ауылы. Ауылды дамытуға, қолдауға Президент Қасым – Жомарт Тоқаев басымдық беру керектігін кешегі жолдауында да айтып жатыр. Ауылды осылай ел азаматтарымен бірігіп, көтеруіміз керек. Осы ауылдан шыққан Жұмағұловтар отбасының азаматтарына мың алғыс. Осындай бастамаға ұйытқы болған Айтбай бауырымызды баршаңыз білесіздер. Міне, осындай азаматы бар елдің болашағы жарқын болады.

Қарақұдық ауылында 700-ге жуық халық тұрады. Биыл ауылға жаңа әкім сайланған. Тұрғындар болашақта ауыл гүлденіп, халықтың жағдайы жақсара түсетініне сенеді.

Социал ЖӘКЕНОВ, ауыл тұрғыны:

-Ауылымызға жасалып жатқан әрбір кішкентай бастама үшін қуанамыз. Мен бүгін осы Жұмағұловтар әулетінің балаларына үлкен алғыс айтамын. Өзіміздің көз алдымызда өскен балалар. Елге алаңдап, ауыл деп тұрған азаматтардан айналу керек.

Алдағы уақытта жаңадан сайланған әкім ауылда жастарға арналған сауықтыру орталығы мен спорт орталықтарын салуды жоспарлап отыр.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...