ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

18:03, 18 қазан 2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестивалі аяқталды. Бір аптаға жалғасқан театр өнерінің байқауында өнер көрсеткен жеңімпаздар анықталып, марапатталды

Қазылар алқасының шешімімен Әшірбек Сығай атындағы Гран При Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына «Құлагер» поэмасы бойынша қойылған спектакльге берілді. Ал, «Тәуелсіздікке - 30 жыл» атты бас жүлдені С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры «Электра» трагедиясымен жеңіп алды. 

Фархад МОЛДАҒАЛИ, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі:

-Владимир Николаевич Панков деген осы саундраманың негізін қалаушы режиссердан білім алу үстіндемін. Сол біздің қазақтың ұлттық фольклорына, ұлттық дүниесіне, танымына, рухына дәл келіп тұрғаннан кейін осы жанрмен «Құлагерді» қойдық.

Басқа аталымдар бойынша да жеңімпаздар анықталып, үздіктер марапатталды. Карантиндік шектеулерден бірін-бірі әбден сағынып көріскен театр қайраткерлері бұл да өзіндік мереке болғанын айтады.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі:

-15 театрды бір фестивальге сыйғызу деген бұл өте ғанибет және де Батыстан, Шығыстан, Оңтүстік, Солтүстіктен бүкіл театрлар келді ғой. Дәрежесі мықты ,деңгейі керемет.

Айта кетсек, Әшірбек Сығайдың бір топ шәкірті өз аттарынан арнайы жүлдені Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық театрына берді. Сонымен қатар облыс әкімінің мәдениет мәселелері бойынша кеңесшісі Рымбала Омарбекова түңғыш фестивальға қатысқан театрлардың барлығына Облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...