ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ "САРЫ" АЙМАҚТА

21:51, 12 қаңтар 2022

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қарағанды облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа көшті. Өткен тәулікте короновирустық инфекцияның 75 жаңа жағдайы тіркелді

Қарағанды облысы «сары» аймақта. Егер бес күн ішінде коронавирустық инфекцияның өсуі тоқтамаса, онда облыста карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін, дейді мамандар. Осыған байланысты дәрігерлер адамдарды вакцинациялауға және ревакцинациядан өтуге шақыруда. Бұл №5-ші қалалық емхана. Мұнда соңғы кездері күніне 100-ге жуық адам вакцина салдыруға ниет білдіруде.

Қарғаш СӘРСЕНБЕКОВА, № 5 емхананың  медбикесі:

- Біздің емханаға 50 мың адам тіркелген, соның басым бөлігі ревакцинация жасады. Жүкті әйелдер мен балаларға және емізетін балалары бар аналарға да салып жатырмыз. Бәрі жеткілікті. Халық өз еркімен келіп жатыр.

Гүлмира Қайназарова ревакцинациядан өтуді жөн көргендердің бірі. Ол өткен жылдың маусым айында «Спутник В» екпесінің екі компонентін уақытылы алған. Енді міне ревакцинация жасатып, иммунитетін нығайтуға келіп отыр. Ең бастысы жақындардың амандығы дейді қала тұрғыны.

Гүлмира ҚАЙНАЗАРОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Коронавирус өте қорқынышты ауру. Мен ешқашан ауырмадым және бұл барлық вакцинаның арқасында деп ойлаймын. Өзімді өте жақсы сезінемін. Бірінші және екінші вакцинада менде ешқандай реакция болған жоқ. Қазір мен әдеттегідей өзімді жақсы сезінемін.

Республикада коронавирустық инфекцияның жаңа "омикрон" штаммының анықталуына байланысты дәрігерлер тұрғындарды иммунитетін нығайтуға шақырады. Белгілі мәліметтерге сәйкес, жаңа түр өте агрессивті көрінеді, ал оның инкубациялық кезеңі бірнеше күнді құрайды. Мамандардың айтуынша, "омикрон" толқынынан асқыну қаупін азайтудың жалғыз жолы - вакцинация. Бүгінгі күні Қарағанды облысында бірінші компонентпен 604 553 адам, ал екінші компонентпен - 560 504 адам вакцинацияланған. Сонымен қатар, өңірде 52 671 тұрғын ревакцинациядан өтті.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...