ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ «САРЫ» АЙМАҚҚА ЕНДІ

15:44, 9 маусым 2021

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс бүгіннен бастап "сары" аймаққа ауысты. Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 142 жаңа жағдайы тіркелген. 260-тан астам адам сауығып шыққан

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.12.2020 жылғы №68 қаулысы негізінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Ел бойынша КВИ жұқтырғандар саны 1000 адамды құраса, жазылып шыққандар саны 1847 адам. Республика бойынша  22 821 адам емделіп жатыр. Ал КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 2 миллион 326 мың 487 адамды құрайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар