ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚТА

15:05, 13 қаңтар 2022

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қарағанды облысы бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа еніп отыр. Жалпы облыс көлемінде эпидемиологиялық ахуал нашарлауда. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Қарағанды облысы «қызыл» аймақта. Енді облыста карантиндік шаралар  бірте-бірте күшейтіледі. Мәселен, қаламыздағы №3 емханаға соңғы күндері шағымданып, арнайы фильтрден өтуге келіп жатқандардың саны артқан. Салыстырмалы түрде өткен аптада күніне 1-2 адамнан короновирустық инфекция жағдайлары табылса, кешегі күннің өзінде 46 адамнан КОВИД анықталған. Айта кету керек бұл бір ғана емхананың ахуалы. Мұндағы мамандар белгілеріне қарап «Омикрон» штамы болуы бек мүмкін дейді.

Виктор Музафаров, №3 қалалық емхана директорының орынбасары:

-Бізге келіп шағымданып жатқандардың басым бөлігінде дене қызуы 38-38 жарым градус және бірден әлсіздік пайда болғандар көп. Міне қарапайым тұмаудан айырмасы осындай көрсеткіштер. Көбісі өз еркімен қозғала алмай тым әлсіреп кетеді. Қатты жөтел жоқ. Бірақ көбінде бас ауруы анықталып отыр. 

Бойыңызда КОВИД індетінің бар-жоғын арнайы фильтрден өту арқылы анықтауға болады. Мамандар қарапайым қағидаларды ұстанып, қоғамдық жерлерде арақашықтықты сақтап, бетпердені тағып жүруді ұмытпауды ескертеді. Ауруға шалдыққан жағдайда тек дәрігерлер кеңесімен емделген абзал дейді.

Виктор Музафаров, №3 қалалық емхана директорының орынбасары:

-Үй жағдайында алғашқы ем-домға температура түсіру үшін парацетомол және аспирин ішіп, С, Д дәрумендерін тұтынған жөн болады. Одан басқа түрлі антибиотиктерді қолданбаған абзал. Білмесеңіз дәрігерлермен кеңесіңіздер. Короновирустық инфекцияның күшеюіне байланысты барлық жұртқа айтарымыз сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар. 1-2 ші вакцинаны алғаннан кейін 5-6 айдан соң иммунитет әлсірейді сол себепті ревакцинация жасағандарыңыз дұрыс.

Өткен тәулікте облыста COVID-19 жұқтырудың 669 жаңа жағдайы тіркелді, ескеретіні аймақта  репродуктивті сан бірден асып, 2,856 –ны құрады.  Шектеу шараларын қатаңдату «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен соң 5 күннен кейін жүргізіледі, осылайша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...