ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАРАҒАНДЫ «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚТА

12:44, 1 шілде 2021

Қарағанды облысы тағы да "қызыл" аймақта. Бұл тағы да қосымша шектеулер енгізілгенін білдіреді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде нақты не айтылды, не қамтылды?

Қарағанды облысында барлығы 38 мыңнан астам адамда COVID-19 індетіні тіркелген. Науқастардың 33 пайыздан астамында симптомдық белгілер байқалмаған. Өткен аптамен салыстырғанда осы аты жаман ауруға шалдығу 23 пайыздан асқан. Жұқтыру жағдайларының көбеюі Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларында және Ақтоғай, Жаңаарқа және Абай аудандарында байқалған. Індетке  50 жастан 59 жасқа дейінгі адамдар жиі шалдығады екен. Жұмыс істемейтіндер мен зейнеткерлер де індет ілмегіне ілінген. Осыған байланысты бүгінгі күннен бастап Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қолданылып, күшіне енетін болды.

Юрий ЗАЛЫГИН, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері:

- Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды, той-домалақтарды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, мерекелік  спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық іс-шараларды, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, "құдалық", той, "беташар" өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және оларға баруға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Сонымен қатар, қайтыс болған адамдарды еске алып, құдайы тамақ беруге де тыйым салынған. Театрларға, ойын-сауық орталықтарына, концерт залдарына, сондай-ақ мәдениет үйлеріне баруға да арнайы шектеулер енгізілген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тіпті, ұлттық компаниялар қызметкерлерінің кемінде 80 пайызын «қашықтан» жұмыс істеу жүйесіне ауыстыру қажет. Айта кету керек, Қазақстан Үкіметі міндетті коронавирустық инфекцияға қарсы екпелерді алуды арнайы тізімге енгізді. Бұл дегеніміз, оларды елдің әрбір азаматы алуына міндеттейді деген сөз.

Юрий ЗАЛЫГИН, Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері:

 -Осылайша, ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылғы 22 маусымдағы шешіміне сәйкес COVID-19-ға қарсы екпе алмағандарға вакцинациясыз тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жұмысқа шектеулер енгізіледі. Егер бас тартқан жағдайда оларға жиі-жиі ПТР тестілуден өткізу міндеті қойылады.

Сондай-ақ брифингте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің өкілдері өз ведомствосының қызметі туралы айтып берді. Жалпы халықты және медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету жайлы міндеттер де айтылды. Бірінші жартыжылдықта 32 хаттама толтырылған. Оның 15-і дәрі-дәрмектің шекті бағасынан асып кетуімен байланысты. Сауда және сақтау тәртібін бұзғандарға жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Мамандар аймақта дәрі-дәрмек пен вакцина қорының жеткілікті екенін де айтты. Вакцинаның Қазақстанда 4 түрі бар.

Фарида МАКЕЕВА, ҚР ДСМ  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары:

-Спутник-V Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндіріледі, Казвак – Қазақстан вакцинасы, Хаятвак - Қытай өндірушісі, Біріккен Араб әмірліктерінің - Короновак  вакциналары тіркелген. Әр вакцинаның әр сериясына сәйкестік сертификаты бар.

Мамандар халықты жаппай екпе алуға шақырады. Індеттен құтылудың және өзіңіз бен жақындарыңызға қорған болар жол - ол вакцина, дейді.

Сейітқали ӘШІМ

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...