ҚАНАТТЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

16:35, 22 ақпан 2021

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс -қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін баса айтқан еді. Ата кәсіпке бет бұрған аймақ шаруалары жеңілдетілген несиені несібенің негізіне айналдырып отыр. Мемлекеттің қолдауына кенелген кәсіпкер Қанат Хасенов жылқы өсіріп, төлін бордақылап, толайым табыс тауып отыр. «Бақыттың кілті - еңбекте» деп білген іскер азаматтың шалқыған шаруасымен әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы танысты

Кәсіпкер Қанат Хасеновтің еңбексүйгіштігі ойлы көзінен, іскерлігі кесімді сөзінен бірден байқалады. Себебі олай деуімізге нығырлы негіз бен нақты нәтиже дәлел. Ісі ірі азамат шаруасы ширап, жұмысы жанданса да мемлекеттің шарапатынан шет қалмауға  бекінді. 2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Жеңілдетілген пайызбен берілген қомақты қаржыға фермер 11 бас байтал сатып алған.

Қанат ХАСЕНОВ,  «Хасенов» шаруа қожалығының жетекшісі:

Шаруасы шалқыған қожалық иесі стандартқа сай мал бордақылайтын алаң да салып тастаған. Мұнда қазір 10-нан астам құнан мен тай және жабағылар жемделеді. Соғым мен сойысқа қажетті семіз жылқыларды жұрт алысқа сабылмай-ақ қолжетімді бағаға осы жерден  сатып алады. Өйткені  Қамбар ата төліне деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді, - дейді кәсіпкер. Ал, «Ақыл жастан, тәрбие бастан» демекші, қадамы қарышты Қанат ағаның қос қамшы ұстар ұлдары  құлшынып тұратын қолғанатына айналған.

Ал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс -қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін баса айтқаны бұқараға мәлім. Сондықтан маңызды құжатта меңзелгендей жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына  табыс табуға мүмкіндік беретіні айқын. Бір ғана мысал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы өткен жылы 389 кәсіпкер жалпы сомасы 1 миллиард 369 миллион теңге несиеге 3000-нан астам жылқы сатып алыпты. Өйткені мемлекет қолдауы кәсібінің тасын өрге домалатқысы келген бизнесмендерге сенімді серпін бергенін айтады, - Мейіржан Тосқанбаев.

Мейіржан ТОСҚАНБАЕВ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ҚОФ-ның  несие менеджері:

Былтыр облысымызда ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры 1000-нан астам жобаны қаржыландырған. Шаруаларға берілген несиенің жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңгені құрайды. Тиыннан теңге құрауды, табыстан береке табуды жетік білетін атымтай азамат қазақтың жабы тұқымды тебінге мықты, аймағымыздың ауа райына төзімді екі айғыр үйір жылқыны жайылымға жіберіпті. Төрт түліктің төресін тынбай бағып, көл-көсір пайдаға кенеліп жүрген фермер биенің  санын бүгінде жетпіске жеткізген.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...