ҚАН ПЛАЗМАСЫНА СҰРАНЫС АРТҚАН

16:37, 7 сәуір 2021

Қарағанды облысында қан плазмасына сұраныс артқан. Мәселен, тек соңғы 4 айда өңірдегі қан орталығы ауруханаларға 722 доза иммундық плазма жөнелткен. Сонымен, плазма кімдерден алынады, қалай дайындалады, оның науқастарға әсері қандай!?

Нұрсұлтан Зарлық Қарағанды қаласындағы емханалардың бірінде дәрігер болып еңбек етеді. Ақпан айында індет жұқтырып, қатты ауырған. Тәуір болған соң ағзадағы антидене мөлшерін тексертіп, көп екенін анықтайды. Сосын, бірден донор болуға шешім қабылдаған ол, осымен  екінші рет қан плазмасын тапсырып отыр.
Нұрсұлтан ЗАРЛЫҚ,   донор:

-Өз басым коронавируспен ауырып шыққан соң, қандай ауру екенін білген соң, адамдарға көмек керек екенін түсіндім. Әр адамды қолдамағанда, ешкім көмектесе алмайды. Әр ауырып шыққан адам көмектесу керек. Ол қан қайтадан қалпына, орынына келеді ғой.

Өткен жазда індет жұқтырғандар саны көп болғанымен, өз еркімен қан тапсыруға келісім беретіндер тым аз көрінеді. Мамандар, сауығып шыққан жандарды жауапты болуға шақырады. Оның үстіне, мұндай донорлардың әрқайсысына 22 мың теңгеден өтемақы төленеді. Ал мұның ағзаға еш зияны жоқ, алынған қан плазмасы 24 сағаттан соң қайтадан қалпына келеді.

Лариса АГАПОВА,   қан орталығының дәрігері:

- Бір донор 600 миллиметр иммундық плазма тапсырады. Сосын, 200 миллиметрден үшке бөлінеді. Кейінгі емдеу хаттамасы бойынша індет жұқтырған науқасқа 400 миллиметр плазма құю керек, оны теңдей етіп екі тәулік ішінде саламыз. Осылайша, ағзада антидене қалыптасады.

Дәрігерлер ковидті қан плазмасымен емдеудің тиімділігін мойындап отыр. Егер ауру асқынбай тұрып дер кезінде салынса, аз уақытта антидене қалыптасып, науқас тез сауығады екен. Қан орталығы өткен жылдың маусымынан бастап, бүгінгі күнге дейін 722 доза жөнелтсе, оның 82 пайызы соңғы 4 айда дайындалған.

Сергей КИМ, COVID орталығының жансақтау бөлімі меңгерушісі:

-  Клиникалық хаттамада плазманы кімдерге құюға болатыны анық көрсетілген. Біріншіден, науқасиың вирус жұқтырғанына 10-12 күннен аспау керек. Екіншіден, өкпесінің зақымдану дейгейі 75 пайыздан аспауы қажет. Сондай-ақ, өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылғанына 2-3 тәуліктен аспаған науқастарға ғана плазма салынады.

Мамандар келешекте, ауырып, сауығып шыққандар ғана емес, вакцина салдырғандар да донор бола алатынын айтады. Ол үшін екпенің екінші компонентін алғандар тура 21 күн өткен соң ағзадағы антидене мөлшерін тексеру керек. Бұл індет жұқтырушылар санын азайтуға мол мүмкіндік бермек. Бүгіннен бастап Қарағанды облысы «қызыл аймаққа» еніп отыр. Соңғы тәулікте өңірде 144 жаңа дерек тіркелсе, 89 адам сауығып шыққан.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
16:04, 15 сәуір 2021
ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ - ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...
ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...