ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

14:56, 21 шілде 2021

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары қалалық бюджетті бекітті. Қалалық қазынаның артылған сомасы әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға жұмсалмақ. Бұл жайында халық қалаулылары кезекті отырыста айтты

Мамандардың айтуынша, Қарағанды бюджетінің кіріс бөлігі 1 миллиард 928 миллион теңгеге ұлғайды.

Айнұр АПАҚАШЕВА, қалалық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:

-Оның ішінде реттелетін салық, жеке табыс салығы, салық салынатын төлем көздері бойынша 1 миллиард 500 миллион теңгеге көбейтілді. Сондай-ақ, салық базасын, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС тарту есебінен заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша 183 миллион теңгеге ұлғайтылады.

Сондай-ақ  қаржы қорының артуы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру біржолғы түсімдер есебінен болады. Нәтижесінде кірістер 105 миллион теңгеге өседі. Ал, жер учаскелерін сатудан және оларды жалға беруден түсетін кіріс 140 миллионға көбейеді деп қаржылық жоспар жүргізілуде. Қалалық бюджет шығындарына келетін болсақ, қосымша қаражатты ескергенде 92 миллиард теңгеден сәл асады.

Айнұр АПАҚАШЕВА, қалалық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:

-Берілген параметрлерді ескере отырып, қала бюджеті кіріс бойынша 83 миллиард, 473 миллион теңгені құрайды. Шығындар бойынша - 86 миллиард 888 миллион теңге. Қала бюджетінің жалпы көлемі 92 миллиард 278 миллион теңгеге шақ келеді.

Артылған қалалық қазына қоры әлеуметтік көмек саласына, яғни азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде мүгедектер арбаларын, сурдотехникалық және протездік-ортопедиялық құралдарды алуға жұмсалады. Сондай-ақ, қаланың мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асырумен 30 шағын ауданындағы білім беру объектілерін жөндеу жұмыстарына берілмек.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...