ҚАЛАДА ЭЛЕКТР ПОЙЫЗЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

16:32, 22 ақпан 2021

Кеншілер шаһарында жуық арада қалаішілік жаңа электр пойызы іске қосылады. Урбанистика орталығы "Сұрыптау" бекетінен Орталық теміржол вокзалына дейінгі электр пойызының жаңа бағытын енгізу бойынша жоба әзірледі. Бұл автобустардағы жолаушылар ағынын азайтуға мүмкіндік бермек

Жоба екі кезеңнен тұрады. Бастапқыда электр пойыз 4 аялдмаға тоқтайды. Атап айтқанда, Сұрыптау бекеті, Жаңа Қарағанды, Майқұдық және Орталық  теміржол вокзалын қамтиды. Әзірге екі электр пойыз жолаушылар тасымалдайды. Урбанистика орталығының өкілдері жобаны әзірлеу кезінде инфрақұрылымы ұқсас өзге де қалалардағы көп жылдық тәжірибеге сүйенген.

4 вагоннан тұратын темір жол көлігі бірден 500-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндігі бар. Ал, жолақы құны 80 теңгеден аспайды. Қалаішілік қоғамдық көліктегідей мұнда да контукторлар жұмыс істейді.

Сабыр НИЯЗОВ, жоба авторы:

–  Пойыз осы төрт станцияның барлығын қамтиды. Сондай-ақ Сұрыптау бекетінен қалаға дейінгі уақыты 35-40 минутқа дейін қысқарады.  Бұл автобусқа қарағанда ыңғайлы, әрі  жылдамырақ болады. Бұдан бөлек,  Сұрыптау тұрғындарының көпшілігі теміржолға жақын жерде тұрады.

Әзірге қоғамдық көлік адам шоғыры көп болатын тек екі мезгілде ғана қатынайды. Тың бастамаға бет бұрмас бұрын әлеумет арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, 80 пайыз тұрғын жобаның іске қосылғанына бек қуанышты. Тек теміржол аялдамаларының қашықтығы ғана қолайсыздық туындататынын айтқан. Қазір жоба шешуші кезеңде.

Сабыр НИЯЗОВ, жоба авторы:

–   Майқұдықтағы екінші орам аймағында бірнеше станция бар. Мәселен, «Қоғам» бекеті Восток 1,23-ші ықшам аудандарына жақын. Сонымен қатар Восток 5-ке жақын маңда  «Саяжайлар» бекеті орналасқан. Аталған аумақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Жиектастары, аялдама орындары жолаушылар қауіпсіздігі үшін ретке келтіріліп, жаңартылады. Бұл шаруалар да тезірек аяқталады деген үмітіміз бар. Барлығы реттелген бойда бұл бекеттерге де электр пойызы тоқтайтын болады. Қазіргі уақытта біз теміржол аялдамаларына барар жолда адамдардың қауіпсіздігін басты назарға алып отырмыз. Жолаушылылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау негізгі мақсаттарымыздың бірі.

Жобаның екінші кезеңінде аялдамалар саны артады. Тағы 5 бекет іске қосылады. Үлкен Михайлов ауданына қарасты «Қараған өзек» бекеті және Майқұдық аумағынан тағы екі аялдама жұмысын бастайды. Игі бастама қалалық және облыс әкімдігі тарапынан қолдау тауып отыр. Жоба жетекшілері бір ай көлемінде электр пойыздары ел игілігіне беріледі деп сендірді.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...