ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАПЕРІНЕ!

21:37, 12 қаңтар 2022

Қарағанды бойынша баллондардағы газдың бағасына қатысты өтініштер тоқтаусыз келуде. Қазір тек автокөліктер газының бағасы белгіленді. Нәтижесінде, кейбір газ желісі ұйымдарымен бірлесіп, баллон газының да бағасын төмендету туралы шешім қабылдадық. Дәл осылай облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

Облыс әкімі әлеуметтік желіге жазғандай, бүгінгі күнде 8 компания тарапынан түсіністік болған.  Олардың қатарында  – «AlemGaz» , «Темір-Газ», «УГХ ГАЗOIL» , «Хантер АГЗС», «Автогаз Трэйд», «С-Мұнай», «KazEcoGaz LTD17» және «Алпамыс Атырау». Бұл компаниялар газды литріне 70 - 105 теңгеден сатуда. Мысалы, Қарағандыда «AlemGaz»ЖШС баллондарды 1500 теңгеден 3000 теңгеге дейін жеткізу бағасынсыз сатуды бастады. Теміртауда 25 литрлік баллон 2 500 теңге, 50 литрлік баллон 5 000 теңге тұрады. Жезқазған қаласында «С-Мұнай» жанармай бекетінде балонды газдың бағасы 130 теңгеден 88 теңгеге дейін және «ГазОйл» жанармай бекетінде 105 теңгеге дейін төмендеді. Ал, Балқашта баллон газының бір литрі 85 теңге тұрады. Облыс әкімі аталған компаниялардың басшылығына түсіністік пен әлеуметтік жауапкершілік үшін алғысын білдіріп, баллонды газ бағасын төмендету бойынша жұмыс барлық өңірлерде жалғасатынын жеткізді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
19:13, 17 мамыр 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
19:08, 17 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар