ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

16:19, 22 сәуір 2021

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Әл-Машани» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне ауызашар қоржындары таратылды

Жыл сайын мешітте қасиетті айда ораза ұстағандар үшін "ауызашар" өткізіледі. Алайда, биыл індетке байланысты мұндай шараларды ұйымдастыруға тыйым салынғаны белгілі. Сондықтан, «Әл-Машани» мешітінің қызметкерлері азық-түлік салынған қоржындарды студент жастарға үлестірді.

Жанболат ҚОШКЕЛДИЕВ, «Әл-Машани» мешітінің бас имамы:

Ауызашар қоржындары студент жастардың жатақаханаларына жеткізілді. Онда палау, салат, көкөніс, нан, су мен құрма бар. Студенттер өз кезегінде қайырымды іске  ризашылықтарын білдірді.  

Айнұр АҢДАМАСОВА, Қарағанды техникалық университетінің студенті:

-   Рамазан айында студенттерге көмектескен «Әл-Машани» мешітіне, мешіттің имамдарына алғыс білдіреміз.

Мұндай ізгілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. «Әл машани» мешіті енді көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көрсетпек ниетте. Айта кетсек, бұл қайырымды істің демеушілері - мешіт қызметкерлерінің өздері. Сондай-ақ, имамның айтуынша сәуір айының соңында қарағандылық бір азаматқа пәтер беріледі.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар