ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҚАЙНАҒАН ҚҰРЫЛЫС – ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ТЫҢ ТЫНЫС

11:25, 22 шілде 2021

Жезқазған қаласында биыл 178 отбасы баспана бақытына бөленеді. Қазыналы өңірдегі тұрғын үй құрылысының тамырына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қан жүгіртті. Маңызды міндетті мойынға алған мердігерлер де жұмысты сапалы атқарып жатыр, - дейді сала мамандары

Жезқазған қаласында қайнаған құрылыс - тұрғын үй саласынан байқалады жаңа тыныс. Заманауи пәтерлерді тұрғызу мақсатында бөлінген жер телімінің аумағы 5,5 гектарды құрайды. Негізі «Батыс» ауданындағы көпқабатты баспаналарды салу жұмыстары 2019 жыл басталған.

Ержан МЫРЗАБЕКОВ, «Қазқадағалау» инженерлік компаниясының сарапшысы:

-Материалдардың барлығы сапалы. Мерзімінде тапсырылды. Жұмыс кезінде құрылыс сапасының жоғары екенін анықтадық.

Осы жылы мысты шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 6 үйдің құрылысы қарышты қадаммен қарқын алғанын айтады, сала мамандары. Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қалалық, облыстық, республикалық қазынадан 1 миллиардтан астам қаржы қарастырылыпты.

Мәруа КЕЛМАҒАНБЕТОВА, Жезқазған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Құрылыс жұмыстарындағы несиелік үйдің 60 проценті аяқталып тұр. Жоспар бойынша тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы. Осы тұрғын үйдің құрылысы аяқталған кезде аумағы абаттандырылады. Жобалық сметалық құжаттары әзірленген. Жоба қазір сараптамадан өтуде. Сараптамадан өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу бойынша байқау жүргізіледі.

Қазір өндірісті өңірде 60 пәтерлік несиелік және 90 пәтерлік жалға берілетін жаңа баспаналар сапалы тұрғызылып жатыр деп сендірді мердігер. Ал, биыл сәуір айында «34 И» мекенжайында орналасқан баспананың құрылысы еш кедергісіз ойдағыдай  еңсеріліпті. Олардың дені несиелік және әлеуметтік пәтерлер.

Аман ДАУЫЛБАЕВ, учаске басшысы:

-Екі блоктың құрылысы бітіп тұр. Бесінші қабатқа дейін электр желілері тартылған. Және цемент қосылған құммен сыланған. Қалған В  және Г блоктарының үшінші қабаттары бетондалып жатыр. Отандық құрылыс материалдарын қолданудамыз. Техника мен материалдары бәрі жеткілікті.  

Еңсесі биік, бір және екі мен үш бөлмелі  үйлер мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға берілмек. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы Жезқазған қаласындағы 178 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Жалпы шырайлы шаһарда 2438 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРАТЫН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
15:30, 10 қыркүйек 2021
ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРАТЫН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...