ҚАБЫЛСАЯТ ӘБІШЕВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

16:30, 2 ақпан 2021

Елім деген ер дүниеден озды. Кеше Қабылсаят Әзімбайұлы Әбішев қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. Ол Қазақстан Республикасы Конституция Кеңесінің бұрынғы мүшесі болды. Тәуелсіз елдің дамуы жолында басқа да жауапты қызметтерді атқарған еді

Қабылсаят Әбішев Алаш арыстарының мұрасын түгендеуге үлес қосқан тарихшы-ғалым, шәкірттердің үлкен шоғырын тәрбиелеген ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері. Прокуратура саласында да тер төкті. Тізгін ұстаған елшіл азамат 1957 жылдың 26 мамырында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Кешелі бері зиялы қауым өкілдері мен саясат майталмандары әлеуметтік желідегі парақшаларына Қабылсаят Әбішевтің жақсылығы мен қайраткерлігін дәріптеп, жақындары мен еліне көңіл айтып жатыр. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК өзнің фейсбук парақшасына былай деп жазыпты: «Оның отбасы мен туысқандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін. Қабылсаят ағамыздың жарқын бейнесі мен есімі біздің көңілімізде сақталады».

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...