АЙМАҚТЫҚ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

16:27, 15 қаңтар 2021

Өңірдегі іргелі басылымдар «Ortalyq Qazaqstan» мен «Индустриальная Караганда» газеттері жаңа форматқа көшті. 90 жылдығына қадам басқан қос газеттің 2021 жылғы алғашқы саны D2 форматында жарық көрді

1931 жылы алғаш жарық көрген іргелі басылымдар «Ortalyq Qazaqstan» мен «Индустриальная Караганда» газеттерінің 90 жылдық мерейтойлары Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуде. 2021 жылы қос басылым да жаңа үлгіде оқырманға жол тартты. Дәстүрлі A2 форматынан ықшамдалған Д2 кейпіндегі газеттер әлемдегі ірі басылымдардың тәжірибесіне сай өзгертілген.

Қамбар АХМЕТОВ,  «Saryarqa аqparat» медиахолдингінің директоры:

- Жаңа форматқа көшер алдында заманауи талаптарды, іргелі басылымдардың тәжірибелерін зерделедік. Газет ықшамдалады, мазмұны мен бет-бейнесі өзгереді. Талдау мен сараптамаға баса назар аударамыз. Алайда, байыпты басылым, сенімді дереккөзі ретінде тоқсан жыл бойы қалыптасқан игі дәстүрлерін сақтай отырып, дамитын болады.

90 жыл бойы жұртшылықты жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етіп келе жатқан қос басылымда көлем жағынан ғана өзгеріс орын алмаған.  «30 жылдыққа – 30 репортаж», «Көзқарас», «Сарапшы», «Ел мен Жер», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Дедім-ай-ау» атты жаңа айдарлар оқырман олжасына айналады деп күтілуде.  Жаңа жыл табалдырығын 10 мыңнан астам оқырманмен бірге аттаған ұжымның бас редакторы Ерсін Мұсабек «Шағын мақалаларды өзекті ете отырып, тақырыпты аша түсу басты мақсатымыз»,- дейді.

Ерсін МҰСАБЕК, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бас редакторы:

«Индустриальная Караганда» газеті де жаңа форматпен қатар бірқатар айдарлармен толығуда. Тарихы терең басылымдағы оқырман саны да артып, халық тарапынан жаңа форматқа байланысты жақсы пікірлер алып үлгерген.

Оксана МЯГКИХ, «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы:

Әлемдік тәжірибені ескеріп, жаңашылдыққа бет бұрған қос басылымның дизайны мен мазмұны да өзгерген. «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бір өзінде - Саттар Ерубаев, Ақселеу Сейдімбеков,  Мағауия Сембай, Төрехан Майбас, Серік Ақсұңқарұлы сынды елге танымал көптеген аға буын еңбек еткен. Бүгінде үлкен жолдағы тілшілік қызметті Қызғалдақ Айтжанова, Нұрқанат Қанафин, Жәнібек Әлиман секілді білікті журналистер жалғап келеді.

Жәнібек ӘЛИМАН,   «Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі:

Арқа төсіндегі іргелі қос басылым интернет ресурсын техникалық-дизайндық тұрғыдан жаңғыртып, мультимедиялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеуде. Ажарын өзгертіп, жарияланатын мақалалардың көлемі қысқарған.  Басылым жетекшілері, 90 жылдық аясында ардагер журналистеріне де   шығармашылық тұрғыда үлкен құрмет көрсетпек ниетте. 

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...