ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

12:18, 15 шілде 2021

Қарағанды қаласында «кәсіпкерлерді қолдау картасы» бойынша инвестициялық жобалар қалай жүзеге асуда. Осы жылдың аяғына дейін тағы қандай маңызды жобалар қанат қағады

Аймақта кәсіпкерлерді қолдау бойынша 210 миллиард теңгенің 36 инвестициялық жобасы қолға алынған. Соның нәтижесінде 3368 жаңа жұмыс орыны ашылады. Осы күні құны 140 миллиард теңге болатын 32 жоба сәтті жүзеге асқан. Нәтижесінде  2900 адам екі қолға бір күрек тапты. 

Абзал РАХЫМБАЕВ, қалалық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:   

-2021 жылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында құны 35 миллиард теңге болатын ферроқорытпа зауытының «QAZ CARBON» агломерациялық фабрикасы іске қосылды. Онда 100-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Кәсіпорынның қуаты 57 мың тонна ферроқорытпа және 240 мың агломират шығару. Технологиялық жоба толықтай автоматтандырылған. Ол «Индустрия 4:0 бағдарламасына толық жауап береді. Жобаны іске асыру осы жылдың аяғына белгілеген. 

Кәсіпкердерді қолдау картасынан басқа 6 өндірістік жоба қолға алынбақ. Алғашқы жарты жылдықта 3 миллиард теңгенің 3 жобасы қанат қақты. Яғни сервистік-техникалық орталық,  полиэтелен құбырлары заводы және тігін өндірісін шығаратын цех  іске қосылды.

Абзал РАХЫМБАЕВ, қалалық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:  

-Осы жылдың аяғына дейін тағы 3 жобаны іске қоспақпыз. Бұл құны 1,1 миллиард теңге болатын «Барусан Макина Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 556 миллион теңгенің «Қарағанды-Нан корорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макарон өнімдерін шығаратын қосымша цехын іске қосу. Сондай-ақ, солтүстік өндіріс аймағындағы қаттау цехы. Осы жобалар 3-ші және 4-ші тоқсанда іске қосылмақ.

Жыл аяғына дейін жұмыс істеп тұрған 8 кәсіпорынға ірі инвестициялық қаржы құйылады. Ол нысандарды жаңғыртуға  бағытталмақ. Бұл мақсатқа 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Осының барлығы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған. Осы жылы қызмет көрсетушілер тағы 11 миллиард теңгенің қаржысын инвестиция ретінде құяды. Сондай-ақ, келешекте №3-ші жылу беретін орталықтың құрылысы басталады. Бұл Қарағанды қаласы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту мен жаңа жобалардың қанат қағуына мол мүмкіндік береді.  

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...