ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

16:33, 15 ақпан 2021

Қарағанды облысы бойынша жылдың бірінші айында инвестиция көлемі 42%-ға артып отыр. Өсім құрылыста, сыртқы сауда мен өзге де салаларды қамтыған

Аймақ экономикасының бүгіні мен келешегін талқыға салған жиында ағымдағы жылдың қаңтар айы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды. Ресми дерекке жүгінсек, өңірде көмір өндіру 12,5%-ға артқан. Өңдеу секторы металлургия бағыты да жаңа қарқынға бет бұрса,  химия өнеркәсібінде - 8,2%-ға, жеңіл өнеркәсіпте - 33%-ға өсім байқалған.

Азамат МҰҚАНОВ,  экономика басқармасының басшысы:

-   Өнеркәсіптік өнім өндірісі 286,6 млрд теңгені құрады. 42% өсіммен негізгі капиталға 42,2 млрд теңге көлемінде инвестициялар тартылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі  6,4 млрд теңгені құрады. 58 мың шаршы метрге жуық  тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылдың деңгейіне қарағанда 1,2%-ға артық.

Облыстағы кәсіпкерлік саласында да ауыз толтырып айтарлықтай алға басу бар.  Жұмыс істеп тұрған ШОБ  саны қаңтар айында   90 мың бірлікті құраған. Аймақ әлеуетінің негізі - сыртқы саудада да жандану бар. Жалпы, тауар айналымы 325 млн АҚШ долларға жуықтаса,  ішкі тауар айналымы 146 млрд теңгені құраған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-   Қаңтар айында инвестиция тарту бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Биыл бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. 2021 жылы алдымызға көлемі 6 трлн теңгеден асатын экономиканың 3,4%-ға өсуін қамтамасыз ету міндетін қойдық. 700 млрд теңгеден астам инвестиция жоспарланған. Тұрғын үй құрылысын төрттен бірге арттыруымыз керек.

Онлайн негіздегі аппараттық кеңесте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  барлық сала бойынша инвестиция көлемін одан әрі арттыра түсуді тапсырды. Тонналап астық жиып, қамбаны сары алтынға толтырып, саудаға ет шығару бағытын қамтыған ауыл шаруашылығында оң динамика байқалған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...