ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ- АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

16:05, 27 қазан 2021

Мемлекеттік қызметкерлер өздерін қоғам алдында қалай ұстауы керек? Халықпен тығыз жұмыс істейтін сала иелерінің жауапкершілігі мен имиджін қалыптасрыру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Дәріс барысында тағы қандай түйткілді тақырыптар қаралды?

Аталмыш оқыту семинары Темітау қаласы ішкі саясат бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды. Мұндай бағыттағы шара шаһарда осымен үшінші мәрте өткізілуде. Тренинг жүргізушісі, дәріскер Лейла Асылбекова 6 жылдан бері халықпен тығыз жұмыс істейтін сала иелеріне арналған оқыту аясында жұмыс істеп келеді. Мұндағы мақсат - атқарушы орган иелерінің халықпен дұрыс байланыс орнатуы, қоғамдағы ашықтықты қалыптастыру.

Лейла АСЫЛБЕКОВА,  Халықаралық құзыреттілік академиясының директоры, дәріскер:

 -  Осындай бағыттағы семинарларды мен өз қалауым бойынша 2015 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келемін. Оған дейін президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жұмыс істедім. Бүгін жиналған тыңдаушылардың басым бөлігі бір кездердегі осы Академияның магистранттары. Осы бағыттағы жұмыстарға сұраныс артқанын және нарықта өте өзекті екенін байқағандықтан біз осылай жеке бағытты құрдық.

Елена Варганова қалалық мәслихатта депутаттық мандатта жүргеніне  2 жыл. Мектепте мұғалім және қоғамдық бірлестік төрайымы лауазымдарын да қоса атқарып келеді. Бұл семинардың тұрақты қатысушы. Жаңашылдыққа жаны құмар ол жиынға әр қатысқан сайын тың ақпараттарға қанық болатынын айтады.

Елена ВАРГАНОВА,  қалалық мәслихат депутаты:

-Семинар жүргізіп отырған дәріскер маманы расымен де  өз ісінің маманы. Тәжірибесі мол. Өте пайдалы ақпаратарға қанық болудамыз.  Мұндай шаралар бізге өте қажет. Әсіресе  қоғамммен тығыз байланыстағы біз сияқты адамдарға берер пайдасы өте зор.

Семинар екі кезеңнен тұрады. Алғашқы күнінде қатысушылар теория және тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде кері байланыс орнату арқылы   іс-тәржірибелерін шыңдайды. Олар әдеп имиджін қалыптастыру негіздеріне қанық болғанын және шара барысында үйренгендерін үнемі қолданатындарын жеткізді. Осындай нәтижелі кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрмақшы.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...