ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ІЛКІМДІ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

16:43, 15 қазан 2021

Қарағанды облысында ең ескі Жылу Электр Орталықтары жаңғыртылады. Биыл Балқаш қаласында тозығы жеткен кешенді кеңейту жұмыстары басталған. Аталмыш қалаға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ЖЭО-ның жұмысын тексеріп, жолдарды жөндеу барысымен және тұрғын үй құрылысымен танысты

Сан жылдар бойы тұтынушыларға қызмет көрсетіп тұрған Балқаш ЖЭО қуаты еселене түседі деп күтілуде. Сапалы жұмыстар жүргізіліп, жаңғыртылған соң қала халқын үздіксіз  жылумен қамтамасыз етуге  мүмкіндік бермек. Нәтижесінде, экономикалық және экологиялық талаптарға сай келетін жаңа, бесінші қазандық орнатылмақ.

Валерий ИСТОМИН,  «Kazakhmys Energy» ЖШС БЖЭО операциялық директоры:

-Жылу Электр Орталығында Таганрог қазандық жасау зауытының қазандық агрегатын орнатамыз. Бұл бізге тұтынушыларды қосымша жылумен, сондай-ақ станцияның сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. жұмыстар оң нәтижесін береді деп күтілуде.

Биыл Қоңырат шағын ауданын орталық жылумен қамту мәселесі шешіліп, тұрғындар үшін қуанышты жайт орын алған. Жаңа жылу орталығының арқасында шағын ауданды одан әрі кеңейту мүмкіндігі пайда болды. Қалада   60-жылдары салынған 5 шақырым құбыр ауыстырылып,  450 м жылу желілері жаңартылған. Екі жылдық жоба аяқталған соң балқаштықтар сапалы жылу мен ыстық судан таршылық көрмейді.

Ескендір ҚАБИДОЛЛА,   Балқаш қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі   бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
-Биыл ұзындығы 7,6 шақырым сегіз көшенің автожолдарын орташа жөндеу және ұзындығы 1 шақырым екі жаңа жолдың құрылысы жүргізілуде. Сәтбаев пен Иванов көшелерінде ешқашан жол болған емес. Біз мұнда асфальттау жұмыстарын жүргіздік, тротуарларды жабдықтадық, жарықтандыруды қостық. Сәтбаев көшесінде көгалдандыру жұмыстары атқарылды.

Абаттандыру кезінде әр аулада балалар алаңы орнатылады. Қазір төрт аула аумағында жұмыс жүріп жатыр. Соның бірі, Тәуелсіздік алаңында гүлзарды қайта қалыпқа келтірілуде.

Балқаш қаласының тұрғын үй құрылысында да оң өзгерістер байқалады. Жеңіс Қасымбек 9-шы шағын аудандағы танхаустың, көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Биыл тоғыз көпбалалы отбасы жаңа баспанаға ие болады.   «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлердің құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде,  18 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, 130 адам баспаналы болады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...