ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ІЛТИПАТЫ ЗОР

12:09, 13 қаңтар 2022

Қарағандылықтар блок-бекеттегі полицейлер мен сарбаздарға қолдау көрсетуін жалғастырып жатыр. Бұл жолы біздің түсірілім тобымыз Қарағанды мен Абай қаласының арасындағы бекетке барды

Бір айта кететіні, барлық блок-бекеттерде тұрған полицейлер мен сарбаздар билік тарапынан таңғы, түскі, кешкі аспен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың, оның ішінде кәсіпкерлердің бұл әрекеттерін – қиын сәтте елдің тыныштығын күзеткендерге көрсеткен ілтипаттары деп түсінеміз дейді Максим БАКИН.

Максим БАКИН, кәсіпкер:

-Біз күн сайын осы блок-бекеттен өтеміз. Кәсіпкер болғандықтан Юбилейный ауылы мен Қарағандының арасында жиі қатынаймыз. Өткен сайын қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп тұрған сарбаздарға алғыс айтамын. Жәй ғана рахмет айтып қана қоймай осындай бір көмек берсек дедік. Биыл асхана аштық. Отанды қорғаушыларға сол асхананың асын әкелдік.

Блок-бекетке келген барлық көлік тексерілмейді. Полицейлер шетелдік нөмір таққан және жүк көліктерді тоқтады екен. Жоғарыдан келген бұйрық бойынша кілең жастар тиелген темір тұлпарларды міндетті түрде тексереді екен.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

16:30, 18 мамыр 2022
МАЛДЫ БАҚСАҢ ҚОЙДЫ БАҚ, МАЙ КЕТПЕЙДІ ШАРАДАН
Толығырақ...
16:29, 18 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ - ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар