ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Халыққа қызмет – жауапты

16:41, 20 қаңтар 2022

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды және Теміртау қалаларындағы автопарк жетекшілеріне жолаушылар тасымалын жақсартуды тапсырды. Сервистік қызметті дұрыс жолға қою қажет, деді Жеңіс Махмұтұлы. Тілшіміз Сейітқали Әшім тарқатады.

Өткен жылы Теміртау және Жезқазған қалалары 40, Саран қаласы 11 жаңа автобусты желіге қосқан. Бұл отандық жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер заманауи үлгіде жабдықталған. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде олардың атына келіп түскен шағымдар жетіп артылады. Шағымдардың көбісі облыс әкімдігіне жолданған. Бұл жайында онлайн-кеңесте белігілі болды.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі

-Көптеген шағымдар автобус жетіспеушілігінен жүру кестесінің дұрыс сақталмауына қатысты болған. Автобус жүргізушілері мен билет тексеретін кондукторлардың   санитарлық талаптарды сақтамайтыны жайлы да жиі айтылады.

Қарағанды қаласындағы жолаушыларды тасымалдауымен айналысатын №3-ші автобус паркінің директоры Артур Григорян бұл шағымдардың орынды екенін айтты. Дегенмен, біраз қордаланған мәселелердің де бар екенін жоққа шығармады. Жүргізушілер жетіспеушілін де алға тартты, - кәсіпорын басшысы. Жалақының аздығы да әсер еткен. Пандемияның да кесірі тиген көрінеді. Мемлекет тарапынан бөлінген субсидия да жеткіліксіз.

Артур ГРИГОРЯН, қаламыздағы №3-ші автобус паркінің директоры 

-Біз тасымал мәдениетін жақсы білеміз. Күнделікті шағымдар көптеп түсуде. Оның саны тәулігіне 50-ге жеткен. Мен ақталайын деп тұрған жоқпын. Жұмысты жақсартамыз.  

Жүргізушілер жетіспеушілігі жайлы Қарағанды және Теміртау қалаларындағы тасымалдаушылар да айтты.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі   

Біз субсидияны көбейттік. Сіздер сервистік қызметті жақсартыңыздар. Сондай-ақ, автобустарды жаңалау қажет. Сонда ешқандай шағым түспейтін болады.

Онлайн жүйедегі кеңесте электрондық төлем жүйесі туралы да айтылды. Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осы күнге дейін 160 мыңға жуық ONAY карталарының сатылғанын айтты. Оны қаламыздың 93 нүктесінен алуға болады.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар