ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ҚАЖЕТ ЖҰМЫСТАР

14:44, 17 қыркүйек 2021

Жол жағдайы, зейнетақы төлемдері, халық санағы, денсаулық сақтау. Бұл салалардағы өткір мәселелер мен жеткен жетістіктерге Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов тікелей эфирде жауап берді

Тікелей эфирде Нүркен Қобжанов баяндамасын ауданның эпидемиологиялық жағдайынан бастады. Аудан, бүкіл облыс секілді әлі күнге «қызыл» аймаққа енген. Күн сайын жаңа инфекциялар тіркелу дерегі тыйылар емес. Дегенмен, көрсеткіш ретінде алсақ, соңғы уақытта аурушаңдықтың төмендеуі байқалған. Дәрігерлердің бақылауында 111, ал, үй карантинінде 88 адам бар.  

Нүркен ҚОБЖАНОВ,     Осакаров ауданының әкімі:

-   Мен ауданның барлық тұрғындарына, амбулаторлық емделіп жатқан және жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға хабарлаймын, - оқшаулау режимін бұзбау қажет.  

Осакаров ауданында екпе салу жұмыстары жалғасуда. Бірінші компонентті 13 мыңға жуық тұрғын қабылдап үлгерген. Ал, екінші дозасын алғандар саны - 11 мыңнан асқан. Мобильді топтар карантин талаптарының сақталуын бақылауға алған.  Аудандағы үш мобильдік топ құрамын да  әкімдік мамандары, полиция қызметкерлері мен еріктілер бар. Өткен апта ішінде 52 нысанды тексерген.

Галина РОЙ,   санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы:

- Мобильді топтардың жұмысы жалғасуда, оның ішінде «Ashyq» бойынша жұмыс істеу де қамтылған. Жақын аралықта бізде “Ashyq” ережелерін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бірақ, тұрғындар карантиндік шараларды бұзуды тоқтатпай отыр. Атап айтқанда, басым бөлігі  бетпердені тағу тәртібін бұзуға қатысты болды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 50-ден астам хаттама жасалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желі қолданушылары да аудан әкіміне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Оның ішінде, көтерілген мәселелер - халық санағының өту барысы, зейнетақы төлемдері, жолдардың сапасын жақсартуға қатысты болды.

Нүркен ҚОБЖАНОВ,     Осакаров ауданының әкімі:

-   Бұл сұрақ мәселені мен жақсы білемін.  

Тікелей эфир барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы да ақпарат берілді. Қызыл жалынның 30 дерегі тіркелсе, оның 19-ы тұрғын үй секторында орын алған. Мамандар болса, халықтан тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс алаңдарына жеткізуді және өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...