ҒАЛЫМНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

13:24, 20 қыркүйек 2019

Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің қоры ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Мыңжасар Әдекеновтың құнды құжат, жәдігерлерімен толықты. Тарихи-мәдени шараға ғалымдар, облыстық ардагерлер ұйымының өкілдері және көз-көрген әріптестері жиылды

Өз заманында Қарғалы қойының жаңа тұқымын өсіру бойынша селекциялық жұмыстраға жетекшілік еткен Мыңжасар Әдекеновтің ауыл шаршуашылын өркендетуге қосқан үлесі орасан. Ол үш мәрте Құрмет белгісі  және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Ардақты ағаның өмірде қалдырған өнегелі ғұмырын айғақтайтын естеліктері облыстық мемлекеттік архив төрінен орын алды. Оның ішінде, ғалымның баяндамалары мен мақалалары, жекелеген құжаттары мен алған мемлекеттік  марапаттары қойылған.

Сайлау БІЛӘЛОВ, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы:

-Мыңжасар Әдекеновты 1965 жылдан білемін. Егіндібұлақта бірінші хатшы болды. 1966 жылы орден алдым. Қой шаруашылығына қосқан үлесі орасан.

Құнды жәдігерлерді мемлекеттік архивке ғалымның ұлы, академик Серғазы Әдекенов табыстады.  Ауыл шаруашылық саласының селекциялық жұмыстарын жүргізу мақсатында Мыңжасар Әдекеновтың 20-дан астам ғылыми мақалалары мен 3 монографиясы жарыққа шыққан. Алматы, Семей, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген   қонақтар мен көз-көрген әріптестері  өз естеліктерімен бөлісті.

Төлеухан САДЫҚҰЛОВ, профессор /Алматы қ./:

-Бүгін Мыңжасар Әдекенұлының жеке қоры ашылғанына қуаныштымын. Қазақстанда 16 қой болса, соның бір тұқымының авторы осы ағамыз. Жауапты қызметтерден бөлек, халыққа жасаған жұмыстары жетерлік.

Осылайша, жоғары оқу орынын үздік бітіріп, зоотехниктік қызметтен бастаған Мыңжасар Әдекенов  жемісті еңбек етті. Халықтың құрметіне бөленді. Нүркен Әбдіров атындағы совхоздың директоры болды. Кейіннен  Егіндібұлақ аудандық партия комитеттің бірінші хатшылығына тағайындалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметін 25 жыл атқарды. Музейдегі тарихи-мәдени шара аясында құнды деректерге толы көрме ұсынылып, халқы үшін аянбай еңбектенген Мыңжасар Әдекенов туралы деректі фильм көрсетілді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар