ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ФЕРМЕРЛЕР ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБАЛАРҒА ГРАНТ ЖАРИЯЛАДЫ

14:47, 17 қыркүйек 2021

Қарқаралы ауданына қарасты Балқантау ауылында жергілікті фермерлер «Үздік бизнес жобасына» байқау жариялады. Жеңімпазға қайтарымсыз қаржы беріп, кәсібін ашуға көмектеседі. Егер қанатқақты жоба нәтижелі болса, мұндай конкурсты жылына екі мәрте өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Осылайша жұмыссыздық мәселесін түбегейлі жоюға атсалыспақ

4 баланың анасы Әсел Жұмаділова Балқантау ауылына алты жыл бұрын көшіп келген. Қол қусырып қарап отырмай, үйінің бір бөлмесінен шаштараз ашқан. Қазір оның қызметіне сұраныс көп. Тіпті көрші ауылдардан арнайы келетіндер бар.

ӘСЕЛ ЖҰМАДІЛОВА, Балқантау ауылының тұрғыны:

-Осы жер маған ыңғайсыз. Үйде бала бар дегендей. Есіктің алдында кішкентай зданиям тұр. Соны ремонттап, сол жаққа жеке шаштараз салонын ашайын деп едім ауылға. Грант ойнатылып жатқаннан кейін бірінші рет қатысып көрейін бір жағынан, екіншіден оборудование алайын дегенмін.

Әсел сынды ауыл тұрғындарына кәсібін кеңейтуге үлкен мүмкіндік туып тұр. Өйткені балқантаулық 14 фермер бірігіп, «Үздік бизнес жобасына» байқау жариялады. Жеңіп шыққаны 700 мың теңге көлемінде грант алмақ. Қатысушыларға қойылатын басты талап - біреу. Ол міндетті түрде ауыл азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ, ұсынған жобасы елді мекен тұрмысына қажет болуы тиіс.

БЕРІК КӨШЕНОВ, фермер:

-Шаруа қожалықтарына лайықты болып тұрғаны, керегі токарный цех, шиномонтажный, аппаратурный цех. Ал халыққа керегі парихмахерский, бізде жоқ тігін цехы, жұмыскерлерге спецовка тігіп берсе. Сондай-сондай қолға аламыз десе, оның бәрін біз қарастырамыз.

Балқантаулық фермерлер келешекте гранттың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Себебі ауыл үшін аса тиімді жобаға осындағы 28 шаруа қожалығы тегіс атсалыспақ.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...