ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘУЕЖАЙ ЖҰМЫСЫ ҚАЛЫПТЫ

21:41, 12 қаңтар 2022

Қарағанды ​​әуежайының әкімшілігіне оның аумағына екі жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат түсті. Бірден қызметкерлерді эвакуациялау шаралары жүргізілген. Бұндай дабыл елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген соң шыққан

«Сарыарқа» әуежайы әдеттегідей жұмысын жалғастыруда. Нысанның қауіпсіздігі үшін жеке күзет қызметінен бөлек, Қорғаныс министрлігі мен облыстық ішкі істер департаментінен қосымша сақшы мамандар мен құтқарушылар тартылған.  

Сәрсенбек КӨШКІНОВ, «Сарыарқа әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

-Бізге әуежайға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болды.  Бірінші хабарлама  электрондық пошта арқылы келді. Біз оны жалпы схема бойынша әзірледік: эвакуация жүргізілді, жарылысты анықтайтын  техниктер шақырылды. Толық тексеру жүргізілді. Ақпарат жалған болып шықты. Алматыдағы оқиғадан кейін телефон соғылды. Қызметкерлерді эвакуациялау шаралары жүргізілді. Барлық алынған ақпарат жалған болып шықты.

Қарағандыда кейбір әуе рейстері де тоқтатылған еді. Жағдай тұрақталғаннан кейін халықаралық және отандық әуе компаниялары жұмысын қайта жалғастырған.

Сәрсенбек КӨШКІНОВ, «Сарыарқа әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

-  Алматыдан және Мәскеуден рейстер жоқ.  «Аэрофлот» компаниясы өз міндеттемелерін орындауды жоспарлап отыр. Келесі ұшу рейсі 17 қаңтарда болады деп күтілуде. Жезқазғаннан Өскемен, Қызылорда, Түркістан қалаларына рейстер тұрақты орындалатын болады. Оны  QAZAQ AIR және Skat әуе компаниялары орындайды. Чартерлік рейстер бар. Мұнда ешқандай шектеулер жоқ.

Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша валюта айырбастау пункттері жұмыс істей бастады. Халықаралық төлемдер мен аударымдар қолжетімді болды.

Сондай-ақ, Қарағандыда интернеттің  қайта қосылуына байланысты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Жұмыс істемейтін терминалдар болса, 42-59-79 сенім телефонына, сондай-ақ 50-60-50 Call-орталығына автобус маршрут нөмірін көрсету арқылы хабарласуға болады. Сонымен қатар, зейнеткерлерге арналған бұрынғы жол жүру және әлеуметтік билеттердің жарамсыз екені де белгілі болды. Оларды ONAY карталарына айырбастауы керек екен.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
16:16, 14 қаңтар 2022
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
16:14, 14 қаңтар 2022
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...