ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

13:42, 2 шілде 2021

Қарқаралы қаласының әуесқой спортшысы Думан Бейсенаев Өзбекстан елінде өткен жарыстан жүлделі оралды

«ZAAMIN ULTRA-2021» марафоны Өзбекстан елінің Жызақ облысының Заамин ұлттық саябағында өткізілді. Оған Қазақстаннан 7 әуесқой спортшы қатысқан. Әлемнің 12 елінің спортшылары сынға түскен сайыс 2,10,21 және 50 шақырым қашықтық бойынша үздікерді анықтады. Жерлесіміз, Қарқаралы тумасы Думан Бейсенаев 21 шақырым бойынша 30-39 жас аралығында 1-ші орынды иеленіп, 400 000 сумға спорт тауарына сертификат ұтып алған. Таулы аумақта өтіп жатқан ультрамарафонда шыңды бағындыру оңайға түспеді, дейді Думан.

Думан БЕЙСЕНАЕВ, «ZAAMIN ULTRA-2021» марафонының жеңімпазы:

-Жарысқа жақсы дайындықпен бардым. Барынша жеңіс жолында топ жаруды көздедім. Қуаныштымын.

4 -01—019    Жарыс жолы өте күрделі, ойлы-қырлы тау жоталарына салынған теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте жолда болған. Ол осыған дейін Америка, Канада, Ұлыбритания елдерінің мықты спортшылары қатысқан «Tengri Ultra – 2018», «Ұлы дала» марафондарында 35,70 шақырым қашықтықтарда үздік үштіктен көрінген. Жазда жүгіруден алдына жан салмайтын Думан қыста Қарқаралы тауларында шаңғы теуіп, сайыстарға қатысып жүр.

Думан БЕЙСЕНАЕВ,  «ZAAMIN ULTRA-2021» марафонының жеңімпазы:

-Ресейге жарысқа дайындық жүргіземін. Қазақстан жарыстары да бар.
Әуесқой спортшы өткен жылдары Румыния еліндегі сайыстан да олжалы оралған. Салауатты өмір салтын берік ұстанатын жас спортшы келешекте өзге де жарыстарда топ жармақ ниетте.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...