ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЭТНОЖУРНАЛИСТИКА БАЙҚАУЫ

16:13, 13 қазан 2021

Қарағандылық журналистер марапатқа ие болды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен журналистерге арналған «Шаңырақ» этножурналистика конкурсы өз мәресіне жетті

Жеңімпаздар Үздік талдамалық газет мақаласы, Ақпараттық порталдағы үздік жарияланым, Қоғамдағы келісім мен тұрақтылық сияқты номниациялар бойынша анықталды.

Ерсін МҰСАБЕКОВ, «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы:

-Достықты, ұлтаралық қарым-қатынасты, этносаралық татулық мәселелерін тереңнен толғап жақсы, үздік деген шығармаларды осы байқауға ұсындыңыздар. Бұл енді ҚХА облыстық құрылымы бұл байқауды өткізуді дәстүрге айналдырды.

Облыстың бас арнасы «Saryarqa» телеарнасының тілшілері Жанбота Рахметоллаұлы, Райхан Сайранбек және Виталий Несипбаевтар «Үздік телебағдарлама», «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру», «Қазақтану жобасын насихаттау» номинациялары бойынша марапаттталды. Ал, байқаудың бас жүлдесін 80 жылдан аса тарихы бар  «Ұлытау» аудандық газеті қанжығалады. Бұған қоса әлеуметтік желілердегі үздік жазбалары  үшін Этно БАҚ номинациясы да өз иелерін тапты.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ, «Ұлытау» аудандық газетінің бас редакторы:

-Қазір ҚХА ұстанып отырған саясатын, елбасының, мемлекет басшысының ұстанып отырған саясатын Ұлытау жалпы халқы, «Ұлытау»  газеті де сол бағытта жұмыс істеп келе жатыр. Бүгінгі жүлдені менің ғана емес, Ұлытаудың мәртебелі жеңісі деп есептеймін, Ұлытау газетінің жалпы шығармашылық ұжымының жемісі деп есептеймін.

Ассамблея этножурнаналистика саласындағы дәстүрлі байқауға  қатысушылар жыл сайын көбейіп келе жатыр.  Мәселен, биыл облыс бойынша 20-ға жуық үміткер қатысты. Ұсынылған материалдар мағынасы бір болғанымен  тақырыбы сан алуан.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...